Electrolux EGD6576NOK User Manual Page 5

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 24
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 4
Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
Сымға қысқыш қапсырма пайдаланыңыз.
Дұрыс қорек сымын пайдаланыңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Газға қосу
Газға қосу жұмыстарының барлығын білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату ережелеріне
сай орнатыңыз. Желдету талаптарының
дұрыс орындалуына көз жеткізіңіз.
2.2 Пайдалану
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе
электр тоғының қатеріне ұшырау
қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Құрылғыны басқару үшін сыртқы таймерді
немесе бөлек қашықтан басқару жүйесін
қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе
суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын немесе
кәстрөлдердің қақпақтарын қоймаңыз.
Қызып кетуі мүмкін.
Пісіру алаңын қолданып болған сайын "off"
(сөндіру) қалпына қойыңыз. Ыдыс
анықтағышқа сенбеңіз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу тоқ
көзінен ағытыңыз. Бұл әрекет электр
қатеріне ұшырап қалуға жол бермейді.
Кардиостимуляторы бар адамдар құрылғы
іске қосылып тұрған кезде индукциялық
пісіру алаңдарынан кем дегенде 30 см
алыс тұруға тиіс.
Назарыңызда болсын!
Өрт немесе жарылыс шығу қаупі бар.
Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға
немесе майға тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын алыс
ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу,
кенет жарылыстың орын алуына себеп
болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет қолданылып
отырған майға қарағанда, төмен
температурада өрттің пайда болуына алып
келуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Өртті сумен сөндіруге әрекеттенбеңіз.
Құрылғыны ажыратып, жалынды қақпақпен
немесе көрпемен басыңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне заттарды немесе
ыдыстарды құлатып алмаңыз. Құрылғының
бетіне зақым келуі мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе
ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
Құйылған шойын, алюминий немесе астына
нұқсан келген ыдыстар шыны керамика
ҚАЗАҚ 5
Page view 4
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 23 24

Comments to this Manuals

No comments