Electrolux EOB8956VAX User Manual Page 36

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 35
11.3 Низкотемпературное
приготовление «под
вакуумом»
Бұл функция қалыпты пісіру
функциясына қарағанда, төмен
температураны қолданады. Тағамның
сапасын жақсы күйде ұстау үшін,
тағамды ерекше күтім көрсетіп
сақтаңыз.
Тағам қауіпсіздігіне қатысты
ұсыныстар:
Жоғары сапалы шикі заттарды
пайдаланыңыз.
Әрқашан жаңа шикі материалдарды
пайдаланыңыз.
Шикі заттардан тағам пісірер
алдында үнемді дұрыс сақтаңыз.
Тағам пісіру алдында әрқашан
тазалаңыз.
Жақсы және қауіпсіз нәтижеге қол
жеткізу үшін, әрқашан пісіру
кестелеріндегі мәндерді қараңыз.
Тағамның пісіру уақытын,
температурасы мен өлшемін
тексеріңіз.
Қауіпсіздікке нұқсан келтіретін
жағдайларға жол бермеу үшін
тағамды 60 °C градустан төмен
температурада сақтамау керек.
Төмен температураны тек шикілей
жеуге болатын тағам үшін аз уақыт
ғана пайдаланыңыз.
Sous-vide тағамдарының дәмі пісіре
салысымен өте жақсы болады. Егер
пісіргеннен кейін тағамды бірден
жемесеңіз, температурасын дереу
төмендетіңіз. Ол үшін тағамды мұз
салынған ыдысқа салып,
тоңазытқышқа қойыңыз. Тағамды
тоңазытқышта 2 – 3 күн сақтауға
болады.
Sous-vide пісіру функциясын қалған
тағамды ысыту үшін
пайдаланбаңыз.
Тағамды дайындау және пісіру
барысында, шикі тағам мен піскен
тағамды бір-біріне тигізбеңіз.
Құралдарды мұқият жуып алмай
тұрып, әр түрлі нәрселер үшін
пайдаланбаңыз.
Шикі жұмыртқалар
пайдаланылатын рецептілерде,
жұмыртқаның ағы мен сарысын
жұмыртқаның қабығының сыртына
тигізбеңіз.
Тағамды вакууммен тұмшалауға
қатысты ақыл-кеңес:
Вакууммен тұмшалағыш пен вакуум
қалталары Sous-vide пісіру
функциясы үшін қажет құралдар
болып табылады.
Ұсынылатын вакууммен
тұмшалағыш түріне: вакууммен
тұмшалағыш камера. Вакууммен
тұмшалағыштың осы түрі
сұйықтықты вакууммен қалтаға
сала алады.
Sous-vide пісіру функциясына сай
келетін вакуум қалтасын
пайдаланыңыз.
Вакуум қалталарын қайта
пайдаланбаңыз.
Тағамды біркелкі пісіру үшін
тағамдарды вакуум қалтаның бір
қабатына салыңыз.
Тағамды жылдамырақ және
барынша біркелкі етіп пісіру үшін,
вакуумның градусын ең үлкен
деңгейге қойыңыз.
Вакуум қалтасын қауіпсіз түрде
жабу үшін, тұмшалауға арналған
жердің таза екеніне көз жеткізіңіз.
Низкотемпературное приготовление
«под вакуумом» функциясына
қатысты жалпы нұсқаулар мен
ақыл-кеңес:
Пісіретін буды ұстап тұру үшін
Sous-vide пісіру функциясын
пайдаланғанда, құрылғының есігін
әрқашан жабық ұстаңыз.
Пісіріп болғаннан кейін есікті
абайлап ашыңыз, себебі
құрылғының ішінде бу жиналып
тұрады.
Тағамға өз қалауыңызға сай сұйық
май және дәмдеуіштерден қоса
аласыз. Сұйық май тағамның
вакуум қалтаға жабысып қалуына
жол бермейді.
Тағамның дәмі буланып
кетпейтіндіктен, басында тағамды
дәм-татымын келтіретін
қоспаларды шамалап қосыңыз.
Сұйықтықтың құрамындағы спиртті
буландыру үшін, оны вакууммен
тығыздап орау алдында
қайнатыңыз.
www.electrolux.com36
Page view 35
1 2 ... 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments