Electrolux EOC3430COX User Manual Page 6

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 32
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 5
Пиролит функциясымен өздігінен тазалау
немесе Функцияны алғаш рет қолданар
алдында тұмшапештен келесі заттарды
алыңыз:
Тағам қалдықтарын, май немесе тоңмай
шашырандыларын / жиналған
қалдықтарды.
Алмалы керек-жарақтарды (соның
ішінде, құрылғымен бірге жеткізілген
сөрелерді, сырғытпа жолдарды т.с.с.),
зат жабыспайтын қаптамасы бар
табаларды, науаларды, ыдыстарды,
т.с.с.
Пиролитпен тазалау нұсқауларын мұқият
оқып шығыңыз.
Пиролитпен тазалау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда балаларды құрылғыдан
алыс ұстаңыз. Құрылғы қатты қызып кетеді.
Пиролитпен тазалау жоғары
температурада іске асырылады және тағам
қалдықтарынан, қолданылған
материалдардан күшті иіс шығуы мүмкін,
сондықтан да пайдаланушыларға келесі
жағдайларды ерекше ескертеміз:
Пиролитпен тазалау барысында және
тазалап болғаннан кейін үнемі жақсы
желдетіңіз.
Бірінші рет қосқан кезде және бірінші рет
қолданып болғаннан кейін жоғары
температураға қойып жақсылап
желдетіңіз.
Пиролитпен тазалау барысында және
тазалап болғаннан кейін үй жануарларын
(әсіресе құстарды) құрылғының қасынан
алыңыз және жақсы желдетілген жерде
әуелі ең жоғары температураға қойыңыз.
Кейбір құстар мен бауырымен
жорғалаушылар тұмшапештерді
Пиролитпен тазалау барысында бөлінетін
түтіндердің барлығына адамдарға
қарағанда ерекше сезімтал келеді.
Кішкене үй жануарлары да Пиролитпен
өздігінен тазалау бағдарламасы қосылып
тұрғанда, Пиролит тұмшапештерінің
қасындағы температураның өзгерісіне өте
сезімтал келеді.
Кәстрөлдердің, табалардың, науалардың,
ыдыстардың т.с.с. зат жабыспайтын
қаптамасы барлық Пиролит
тұмшапештерінің жоғары температурада
Пиролитпен тазалау бағдарламасы жұмыс
істеп тұрған кезде бүлініп қалуы мүмкін
және олардан аздаған зиянды түтіндер
бөлінуі мүмкін.
Пиролит тұмшапештерінен / Тағам
қалдықтарынан бөлінген, жоғарыда
сипатталған түтіндердің адамдарға, соның
ішінде жас балалар мен дәрігердің
бақылауындағы адамдарға зияны жоқ.
2.4 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тұрмыстық құрылғыларға
ғана арналған жарықтама шам немесе
галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
6
www.electrolux.com
Page view 5
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 ... 31 32

Comments to this Manuals

No comments