Electrolux EOC5851AOX Recipe Book Page 11

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 10
балықтың етінің жартысын салыңыз да, пяз
бен картоптың үштен бір бөлігімен жабыңыз.
Шабақ балықтың қалған қоң етін үстінен
таратып салыңыз. Үстіне пияз бен картоптың
қалған бөлігін салыңыз, ең үстінде картоп
болуға тиіс.
Үстінен бұрыш пен туралған тасшөптен
себіңіз.
Шабақ балықтың сорпасын пісірілетін
тағамның үстіне құйып, кілегей қосыңыз. Нан
үгіндісін сеуіп, үстінен сары май түйірлерін
салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 60 минут
Сөренің орналасуы: 3
CAKE
Lemon Sponge Cake
Қоспаға салынатын құраластар:
250 г сары май
200 г қант
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8 г)
•1 шөкім тұз
•4 жұмыртқа
150 г ұн
150 г жүгері ұны
1 шай қасық толы қопсытқыш ұнтақ
2 лимонның үгітілген қабығы
Жылтыр құймаға қосылатын құраластар:
125 мл лимон шырыны
100 г қуырылған қант түйірлері
Басқа:
Шаршы пісірме табақ, ұзындығы 30 см
Майлауға арналған маргарин
Пісірме табаққа себуге арналған нан
үгіндісі
Дайындау әдісі:
Сары май, қант, лимон қабығы, ванильді қант
пен тұзды шараға салып шайқаңыз. Содан
кейін жұмыртқаны бір-бірден қосып, тағы да
шайқаңыз.
Қопсытқыш ұнтақпен араласқан ұн мен жүгері
ұнын кілегейлі қоспаға қосып,
араластырыңыз.
Қоспаны майланған және нан үгіндісі себілген
пісірме табаққа құйып, үстін тегістеңіз де,
құрылғыға қойыңыз.
Піскеннен кейін лимон шырыны мен
қуырылған қант түйірлерін араластырыңыз.
Тортты алюминийден жасалған жұқалтырға
аударып салыңыз.
Құймасы ағып кетпеуі үшін жұқалтырды
торттың шетіне қарай бүгіңіз. Торттың бетін
ағаш істікшемен тесіп, құйманы жағыңыз.
Содан кейін құймасы сіңуі үшін тортты біраз
уақытқа қоя тұрыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 75 минут
Сөренің орналасуы: 1
Swedish Cake
Құрамы:
•5 жұмыртқа
340 г қант
100 г еріген сары май
360 г ұн
1 қалта қопсытқыш ұнтақ (шамамен 15 г)
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8 г)
1 шөкім тұз
200 мл суық су
Басқа:
28 см дөңгелек серіппелі пісірме табақ,
түбіне пергамент қағаз төселген қара
тәрелке
Дайындау әдісі:
Қант, жұмыртқа, ванильді қант пен тұзды
араластырғыш шараға салып көпіргенше 5
минут шайқаңыз. Содан кейін қоспаға еріген
сары май қосыңыз да, араластырыңыз.
Қопсытқыш ұнтақ араласқан ұнды шайқалған
қоспамен араластырыңыз.
Соңында суық су қосып, барлығын жақсылап
араластырыңыз. Қоспаны пісірме табаққа
құйып, үстін тегістеңіз де, құрылғыға қойыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 55 минут
Сөренің орналасуы: 1
Biscuit
Құрамы:
•4 жұмыртқа
2 ас қасық ыстық су
•50 г қант
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8 г)
1 шөкім тұз
100 г қант
100 г ұн
100 г жүгері ұны
2 шай қасық қопсытқыш ұнтақ
Басқа:
ҚАЗАҚ 11
Page view 10
1 2 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 27 28

Comments to this Manuals

No comments