Electrolux EOC5851AOX Recipe Book Page 13

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 12
Сөренің орналасуы: 1
Streusel Cake
Қамырға арналған құраластар:
375 г ұн
20 г ашытқы
150 мл жылымшы сүт
•60 г қант
•1 шөкім тұз
2 жұмыртқаның сарысы
75 г жібіген сары май
Үкпеге арналған құраластар:
200 г қант
200 г сары май
1 шай қасық дәмқабық
350 г ұн
50 г ұсақталған жаңғақ
30 г еріген сары май
Дайындау әдісі:
Ұнды араластыратын шараға елеп,
ортасынан шұңқыр жасаңыз. Ашытқыны кесіп,
оны сүт және шамалы ұнмен бірге сол
шұңқырға салыңыз да, шұңқырдың шетіндегі
ұнмен араластырыңыз, содан кейін үстіне ұн
сеуіп, жылы жерде себілген ұнда жарықшалар
пайда болғанша тындырып қойыңыз.
Қант, жұмыртқаның сарысы, сары май мен
тұзды ұнның шетіне салыңыз. Құрамдас
бөліктердің барлығын ашытқылы қамырға
қосып илеңіз.
Қамырдың көлемі екі есе үлкейгенше жылы
жерге қойыңыз. Содан кейін қамыр илеп, оны
майланған пісірме табаққа салып, тағы
көтерілуі үшін тындырыңыз.
Қант, сары май мен дәмқабықты шараға
салып араластырыңыз.
Ұн мен жаңғақтан қосып илеп, үкпе қоспа
жасаңыз.
Көтерілген қамырға сары май жағып, оның
үстінен үкпе қоспаны біркелкі жайыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 35 минут
Сөренің орналасуы: 3
Yeast Plait
Қамырға арналған құраластар:
650 г ұн
20 г ашытқы
200 мл сүт
•40 г қант
5 г тұз
5 жұмыртқаның сарысы
200 г жібіген сары май
Толтырмаға арналған құраластар:
250 г ұсақталған грек жаңғағы
20 г нанның жұмсағы
1 шай қасық ұнтақталған зімбір
50 мл сүт
•60 г бал
30 г еріген сары май
20 мл ром
Безендіруге арналған құраластар:
1 жұмыртқаның сарысы
шамалы сүт
•50 г бадам үлпектері
Дайындау әдісі:
Ұнды араластыратын шараға елеп,
ортасынан шұңқыр жасаңыз. Ашытқыны кесіп,
оны сүт және шамалы ұнмен бірге сол
шұңқырға салыңыз да, шұңқырдың шетіндегі
қантпен және ұнмен араластырыңыз, содан
кейін үстіне ұн сеуіп, жылы жерде себілген
ұнда жарықшалар пайда болғанша тындырып
қойыңыз.
Қалған қантты ұнның шетіне салыңыз.
Құрамдас бөліктердің барлығын ашытқылы
қамырға қосып илеңіз. Қамырдың көлемі екі
есе үлкейгенше жылы жерге қойыңыз.
Толтырмаға арналған барлық құрамдас
бөліктерді араластырыңыз. Қамырды үш
бірдей бөлікке бөліңіз де, ұзын төртбұрыш
етіп илеңіз. Толтырманың үштен бірін
жайылған қамырдың әрқайсысына таратып,
барлығын бірге қосып илеңіз.
Қамырдың үш бөлігінен өрме жасаңыз.
Өрменің бетіне жұмыртқаның сарысы мен
сүттің қоспасын жағып, содан кейін бадам
үлпектерін себіңіз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 55 минут
Сөренің орналасуы: 3
Ring Cake
Дөңгелек орттың негізіне арналған
құраластар:
500 г ұн
1 кішкене қапшық құрғақ ашытқы (8 г құрғақ
ашытқы немесе 42 г жас ашытқы)
80 г қуырылған қант түйірлері
150 г сары май
•3 жұмыртқа
2 шай қасық тұз
ҚАЗАҚ 13
Page view 12
1 2 ... 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 ... 27 28

Comments to this Manuals

No comments