Electrolux EOC5851AOX Recipe Book Page 16

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 15
12 безендіргіш марципан сәбізі
жер жаңғағы
Басқа:
Тортқа арналған 26 см диаметрлі қалып,
май жағылған және түбіне ас қағазы
төселген.
Дайындау әдісі:
Жұмыртқаның ақуыздарын тұз салып әбден
көпіршітіп, безендіргіш қанттан қосып ақуызды
жақсылап көпіршітіңіз. Жұмыртқаның сарысын
қантпен араластырып, қалған құраластарды
қосыңыз. Көпіршітілген жұмыртқаның
ақуызының төрттен біріне жұмыртқаның
сарысын қосып, содан кейін ақуыздың қалған
көпіршітілген бөлігін құраластарға қосып
абайлап араластырыңыз. Дайын қалбырға
қоспаны жаймалап құйыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 55 минут
Сөренің орналасуы: 3
Пісіргеннен кейін:
Тортты суытыңыз. Дайындық жұмыстарын бір-
екі күн бұрын жасап, тоңазытқышты жабық
ұстауды ұсынамыз. Безендіргіш қант пен шие
ликерын қосып, торттың үстін безендіретін
қоспаны дайындаңыз. Қажет болса су
қосыңыз. Торттың бетін безендіргіш қоспамен
әрлеп, марципан сәбіздерімен безендіріңіз.
Almond Cake
Қоспаға салынатын құраластар:
•5 жұмыртқа
200 г қант
100 г марципан
200 мл зәйтүн майы
450 г ұн
1 ас қасық дәмқабық
1 қалта қопсытқыш ұнтақ (шамамен 15 г)
50 г ұсақталған пісте дәні
125 г бадам
300 мл сүт
Үстін безендіруге арналған құраластар:
200 г абрикос джемі
5 ас қасық қуырылған қант түйірлері
1 шай қасық дәмқабық
2 ас қасық ыстық су
бадам үлпектері
Басқа:
28 см серіппелі пісірме табақ
Дайындау әдісі:
Жұмыртқа, қант және марципанды
араластырып, 5 минут шайқаңыз, содан кейін
жұмыртқа қоспасына ептеп зәйтүн майын
қосыңыз.
Ұнды, дәмқабықты және қопсытқыш ұнтақты
бірге електен өткізіп, ұсақталған пісте дәні
мен бадамды ұнмен араластырыңыз. Содан
кейін сүтпен бірге еппен жұмыртқа қоспасына
қосыңыз.
Түбіне нан үгітіндісі себілген серіппелі табаққа
салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 70 минут
Сөренің орналасуы: 2
Пісіргеннен кейін:
Абрикос джемін қыздырыңыз да, жаққыштың
көмегімен тортқа жағыңыз; содан кейін
суытып қойыңыз. Қуырылған қант түйірін,
дәмқабық пен қайнаған суды араластырыңыз;
содан кейін тортқа жағыңыз. Содан кейін
бадам үлпектерін дереу торттың жылтыр
қоспасы бар қабатына себіңіз.
Fruit Tart
Қамырға арналған құраластар:
200 г ұн
1 шөкім тұз
125 г сары май
•1 жұмыртқа
•50 г қант
50 мл суық су
Толтырмаға арналған құраластар:
Жыл маусымына қарай жеміс-жидек
таңдалады (400 алма, шабдалы, қышқыл
шие және т.б.)
•90 г бадам
•2 жұмыртқа
100 г қант
90 г жібіген сары май
Басқа:
Диаметрі 28 см қайнатпа крем табағы,
майланған
Дайындау әдісі:
Араластыратын шараға ұнды елеңіз де, тұзды
және сары майдың шағын бөліктерін ұнмен
араластырыңыз. Содан кейін жұмыртқаны,
қант пен суды қосып, қамыр илеңіз.
Қамырды тоңазытқышта 2 сағат суытып
қойыңыз. Тоңазыған қамырды жайыңыз да,
май жағылған қайнатпа крем табағына салып,
шанышқымен тесіңіз. Жемісті тазалаңыз,
өзегін, сүйегі мен дәндерін алып тастаңыз да,
кішкене кесектерге не тілімге бөліп, қамырдың
үстінен салыңыз. Бадамды, жұмыртқаны, қант
пен жібіген сары майды шараға салыңыз да,
16
www.electrolux.com
Page view 15
1 2 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ... 27 28

Comments to this Manuals

No comments