Electrolux EOC5851AOX Recipe Book Page 19

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 18
Содан кейін үстіне рикотта мен ешкі ірімшігін
салыңыз да, зәйтүндерді қосыңыз. Үстіне 1/2
шай қасық туралған тасшөптен себіңіз.
Толтырма жасау үшін жұмыртқа мен кілегейді
қосып араластырыңыз. Толтырманы бәліштің
үстіне құйыңыз.
Тұмшапештің ішіндегі уақыты: 45 минут
Сөренің орналасуы: 1
Cheese Flan
Құрамы:
Швейцарлық қатпарлы пирожный
қамырының немесе қатпарлы қамырдың
(шаршылап жайылған) 1,5 жаймасы
500 г үгітілген ірімшік
200 мл кілегей
100 мл сүт
•4 жұмыртқа
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Дайындау әдісі:
Жақсылап майланған пісірме табаққа
қамырды салыңыз. Қабырдың түбін түгелдей
шанышқымен тесіңіз.
Қамырдың үстіне ірімшікті біркелкі етіп
жайыңыз. Кілегейді, сүт пен жұмыртқаны
араластырыңыз да, тұз, бұрыш пен мускат
жаңғағын сеуіп, дәмдеңіз. Қайтадан жақсылап
араластырып, үстінен ірімшік салыңыз.
Тұмшапештің ішіндегі уақыты: 40 минут
Сөренің орналасуы: 2
Cheese Pastry
Құрамы:
400 г фета ірімшігі
•2 жұмыртқа
3 ас қасық туралған жайпақ жапырақты
ақжелкен
қара бұрыш
80 мл зәйтүн майы
375 г қатпарлы қамыр
Дайындау әдісі:
Фета ірімшігін, жұмыртқаны, ақжелкен мен
бұрышты қосып араластырыңыз. Қатпарлы
қамырды құрғап кетпеуі үшін ылғал
шүберекпен жабыңыз. 4 жайманы бірінің
үстінен бірін салыңыз, әр жаймаға шамалап
май жағыңыз.
Әрқайсысы 7 см 4 таспаға кесіңіз.
Таспаның әр бұрышына үстіне дейін
толтырылған 2 ас қасық фета қоспасын
салып, оны қиықша үшбұрыш етіп ораңыз.
Пісірме табаққа аударып салыңыз да, бетіне
май жағыңыз.
Тұмшапештің ішіндегі уақыты: 25 минут
Сөренің орналасуы: 3
White Bread
Құрамы:
1000 г ұн
40 г жас ашытқы немесе 2 қалта құрғақ
ашытқы (20 г)
650 мл сүт
•15 г тұз
Басқа:
Майланған немесе пергамент қағаз
төселген пісірме табақ
Дайындау әдісі:
Үлкен шараға ұн мен тұзды салыңыз.
Ашытқыны жылымшы сүтке езіңіз де, ұн
қосыңыз. Құрамдас бөліктердің барлығын
қосып қамыр илеңіз. Ұнның сапасына қарай,
қамырды керегінше илеу үшін тағы біраз сүт
керек болуы мүмкін.
Қамыр екі есе үлкейгенше тындырып
қойыңыз.
Қамырды екіге бөліп, екі ұзын кесек жасаңыз,
содан кейін оларды майланған және
пергамент қағаз төселген пісірме табаққа
салыңыз.
Қамыр кесектері бір жарым есе үлкейгенше
оларды тағы тындырыңыз.
Пісірмес бұрын олардың үстіне ұн сеуіп, өткір
пышақпен тереңдігі кем дегенде 1 см 3 - 4
көлбеу кесік жасаңыз.
Тұмшапештің ішіндегі уақыты: 55 минут
Сөренің орналасуы: 2
Бу пештерінде: су тартпасына 200 мл су
құйыңыз
Farmer Bread
Құрамы:
500 г бидай ұны
250 г қарабидай ұны
•15 г тұз
Құрғақ ашытқының 1 кішкене қапшығы
250 мл су
250 мл сүт
Басқа:
ҚАЗАҚ 19
Page view 18
1 2 ... 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 ... 27 28

Comments to this Manuals

No comments