Electrolux EOC5851AOX Recipe Book Page 20

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 19
Майланған немесе пергамент қағаз
төселген пісірме табақ
Дайындау әдісі:
Үлкен шараға ұн, қарабидай ұнын, тұз бен
құрғақ ашытқыны салыңыз.
Суды, сүт пен тұзды араластырып, ұн
қосыңыз. Құрамдас бөліктердің барлығын
қосып қамыр илеңіз. Қамыр екі есе
үлкейгенше тындырып қойыңыз.
Қамырдан ұзын бөлке жасап, содан кейін оны
майланған және пергамент қағаз төселген
пісірме табаққа салыңыз.
Қамыр кесегі бір жарым есе үлкейгенше оны
тағы тындырыңыз. Пісірерден бұрын аздап ұн
себіңіз.
Тұмшапештің ішіндегі уақыты: 60 минут
Сөренің орналасуы: 2
Бу пештерінде: су тартпасына 300 мл су
құйыңыз
Pierogi (30 кішкене)
Қамырға арналған құраластар:
250 г спельта бидай ұны
250 г сары май
250 г майы аз кварк
•тұз
Толтырмаға арналған құраластар:
1 кішкене бас ақ қырыққабат (400 г)
•50 г бекон
2 ас қасық тортасы алынған сары май
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
3 ас қасық қаймақ
•2 жұмыртқа
Басқа:
Пергамент қағаз төселген пісірме табақ
Дайындау әдісі:
Спельта ұнын, сары майды, майы аз кваркты
және аздаған тұз салып қамыр илеңіз де,
тоңазытқышқа қойыңыз.
Ақ қырыққабатты жіңішкелеп тураңыз.
Беконды текшелеп тураңыз да, тортасыз
майға қуырыңыз. Қырыққабатты қосыңыз да,
жұмсарғанша бұқтырыңыз. Тұз, бұрыш пен
мускат жаңғағын салып, қаймақтан қосыңыз.
Барлық сұйықтығы тартылғанша бұқтыра
беріңіз.
Жұмыртқаны суға пісіріп, суытыңыз да,
текшелеп тураңыз, содан кейін
қырыққабатпен араластырып, суытып
қойыңыз.
Қамырды жайыңыз да, диаметрі 8 см етіп
дөңгелектеп кесіңіз.
Әрқайсысының ортасына аздаған толтырма
салып, түйіңіз. Шеттерін шанышқымен басып
жабыстырыңыз.
Pierogi тағамын пергамент қағаз төселген
пісірме табаққа салып, бетіне жұмыртқаның
сарысын жағыңыз.
Тұмшапештің ішіндегі уақыты: 20 минут
Сөренің орналасуы: 3
Rich Yeast Plait
Қамырға арналған құраластар:
750 г ұн
30 г ашытқы
400 мл сүт
•10 г қант
•15 г тұз
•1 жұмыртқа
100 г жібіген сары май
Безендіруге арналған құраластар:
1 жұмыртқаның сарысы
шамалы сүт
Дайындау әдісі:
Ұнды араластыратын шараға елеп,
ортасынан шұңқыр жасаңыз. Ашытқыны кесіп,
оны сүтпен және шамалы қантпен, шамалы
ұнмен бірге сол шұңқырға салыңыз да,
шұңқырдың шетіндегі ұнмен араластырыңыз,
содан кейін үстіне ұн сеуіп, жылы жерде
себілген ұнда жарықшалар пайда болғанша
тындырып қойыңыз.
Қалған қантты, жұмыртқаны және сары майды
ұнның шетіне салыңыз. Құрамдас бөліктердің
барлығын ашытқылы қамырға қосып илеңіз.
Қамырдың көлемі екі есе үлкейгенше жылы
жерге қойыңыз.
Содан кейін қамырды бірдей үш бөлікке бөліп,
әрқайсысынан ұзын өрме созыңыз. Үш өрмені
қосып өріңіз.
Содан кейін оның бетін жауып, көтерілгенше
тағы жарты сағат тындырып қойыңыз.
Өрменің бетіне жұмыртқаның сарысы мен
сүтті араластырып жағыңыз да, пештің ішіне
қойыңыз.
Тұмшапештің ішіндегі уақыты: 50 минут
Сөренің орналасуы: 3
CASSEROLES/GRATINS
Lasagne
Ет асқатығына арналған құраластар:
20
www.electrolux.com
Page view 19
1 2 ... 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28

Comments to this Manuals

No comments