Electrolux EOC5851AOX Recipe Book Page 22

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 21
Potato Gratin
Құрамы:
1000 г картоп
1 шай қасық тұз, бұрыш және мускат
жаңғағы
2 түйір сарымсақ
200 г үгітілген ірімшік
200 мл сүт
200 мл кілегей
4 ас қасық сары май
Дайындау әдісі:
Картоптың қабығын аршып, жұқалап тураңыз,
құрғатыңыз да, дәмдеуіш қосыңыз.
Пешке төзімді ыдыстың ішін сарымсақ
түйірімен ысқылаңыз да, ыдысты аздаған
сары маймен майлаңыз.
Дәмдеуіш қосылған картоп тілімдерінің
жартысын ыдысқа таратып салыңыз да, үстіне
үгітілген ірімшіктен шамалап себіңіз. Осының
үстіне қалған картоп тілімдерін салып,
үгітілген ірімшіктің қалғанын таратып себіңіз.
Сарымсақтың екінші түйірін жаншып, сүт және
кілегеймен бірге шайқаңыз. Қоспаны
картоптың үстіне құйыңыз да, қалған сары
майды ұсақ кесектерге бөліп гратиннің үстіне
таратып салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 65 минут
Сөренің орналасуы: 2
Moussaka (10 адамға арналған)
Құрамы:
1 туралған пияз
зәйтүн майы
1,5 кг тартылған ет
1 қалбырдағы туралған қызанақ (400 г)
50 г үгітілген ірімшік
4 шай қасық нан үгіндісі
тұз бен бұрыш
•даршын
1 кг картоп
•1,5 кг баклажан
қуыратын сары май
Бечамель соусына арналған құраластар:
75 г сары май
•50 г ұн
600 мл сүт
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Төмендегілермен араластырыңыз:
150 г үгітілген ірімшік
4 ас қасық нан үгіндісі
50 г сары май
Дайындау әдісі:
Туралған пиязды аздаған зәйтүн майына
қуырыңыз, сосын тартылған етті салып,
араластыра отырып қуырыңыз.
Туралған қызанақты, үгітілген эмменталь
ірімшігін және нан үгіндісін қосыңыз, жақсылап
араластырып, қайнатыңыз. Содан кейін тұз,
бұрыш және дәмқабық себіңіз де, ыстық
табақтан алыңыз.
Картоптың қабығын аршып, қалыңдығын 1 см
етіп тураңыз, баклажанды жуыңыз да,
қалыңдығын 1 см етіп тураңыз.
Барлық тілімдерді майлық қағазбен
құрғатыңыз. Содан кейін сары майды мол
салып, қызарғанша қуырыңыз.
Арасында бечамель тұздығы дайындаңыз:
сары майды табада ерітіңіз, ұн қосып,
үзбестен араластыра отырып, сарғылт
тартқанша пісіріңіз. Үзбей араластыра отырып
біртіндеп сүт құйыңыз. Тұздыққа тұз, бұрыш
пен мускат жаңғағын қосыңыз да, қақпағын
жаппай шамамен 10 минут қайнатыңыз.
Картоп тілімдерін майланған пісірме табақтың
түбіне салыңыз да, аздаған үгітілген ірімшік
себіңіз. Осының үстіне баклажан қабатын
салыңыз. Оның үстіне тартылған ет
қоспасының аздаған бөлігін салыңыз. Оның
үстіне аздап бечамель тұздығын құйыңыз.
Содан кейін картоп, баклажан мен тартылған
ет қоспасынан жасалған тағы бір қабат
жасаңыз. Соңғы қабаты бешамель тұздығы
болуға тиіс. Ең үстіне ірімшік пен нан
үгіндісінің қалған бөлігін себіңіз. Сары майды
ерітіп, мусаканың үстіне құйыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 60 минут
Сөренің орналасуы: 1
Pasta Gratin
Құрамы:
•1 литр су
•тұз
250 г тальятелле
250 г пісірілген ветчина
20 г сары май
1 байлам ақжелкен
•1 пияз
100 г сары май
•1 жұмыртқа
250 мл сүт
22
www.electrolux.com
Page view 21
1 2 ... 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28

Comments to this Manuals

No comments