Electrolux EOC5851AOX Recipe Book Page 23

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 22
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
50 г үгітілген пармезан ірімшігі
Дайындау әдісі:
Аздаған тұз қосылған суды қайнатыңыз.
Қайнап жатқан тұзды суға тальятеллені
салыңыз да, шамамен 12 минут қайнатыңыз.
Содан кейін сорғытыңыз.
Ветчинаны текшелеп кесіңіз.
Табада сары майды қыздырыңыз.
Ақжелкенді турап, пияздың қабығын аршыңыз
да, оны да тураңыз. Екеуін де табаға салып,
бұқтырып алыңыз.
Пісірме табаққа аздаған май жағыңыз.
Тальятелле, ветчина және бұқтырылған
ақжелкен мен пиязды араластырыңыз да,
табаққа салыңыз.
Жұмыртқа мен сүтті араластырып, дәмдеу
үшін тұз, бұрыш және мускат жаңғағын
себіңіз, содан кейін паста қоспасына құйыңыз.
Осыдан кейін тағамның үстіне пармезан
ірімшігін себіңіз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 45 минут
Сөренің орналасуы: 1
Chicory Gratin
Құрамы:
8 орташа цикорий
8 тілім пісірілген ветчина
30 г сары май
1,5 ас қасық ұн
150 мл көкөніс сорпасы (цикорийден
алынған)
5 ас қасық сүт
100 г үгітілген ірімшік
Дайындау әдісі:
Цикорийді екіге бөліңіз де, ащы өзегін алып
тастаңыз. Содан кейін жақсылап жуыңыз да,
қайнаған суда 15 минут бойы бұқтырыңыз.
Цикорийдің жартыларын судан алып, салқын
сумен шайыңыз да, қайтадан біріктіріп
қосыңыз. Содан кейін әрқайсысын ветчина
тіліміне орап, майланған пісірме табаққа
салыңыз.
Сары майды ерітіп, ұн қосыңыз. Аздап
бұқтырыңыз, содан кейін көкөніс сорпасын
мен сүтті құйып, бір қайнатыңыз.
50 г ірімшікті тұздықпен бірге араластырыңыз
да, цикорийдің үстінен құйыңыз. Тағамның
үстіне ірімшіктің қалған бөлігін себіңіз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 35 минут
Тұмшапеш деңгейі: 2
Beef Casserole
Құрамы:
600 г сиыр еті
тұз бен бұрыш
•ұн
10 г сары май
•1 пияз
330 мл қошқыл сыра
2 шай қасық қоңыр қант
2 шай қасық қызанақ езбесі
500 мл сиыр етінің сорпасы
Дайындау әдісі:
Сиыр етін текшелеп тураңыз да, тұз бен
бұрыш қосып дәмдеп, аздаған ұн себіңіз.
Сары майды табада қыздырып, соған ет
кесектерін қызарғанша қуырыңыз. Содан кейін
кәстрөлге салыңыз.
Пиязды аршып, ұсақтап тураңыз да, аздаған
майға жеңіл-желпі қуырыңыз, содан кейін
табадағы еттің үстінен салыңыз.
Күңгірт сыра, қоңыр қант, қызанақ пастасын
және сиыр етінің сорпасын араластырыңыз
да, табаға салып, бір қайнатыңыз. Содан
кейін еттің үстінен құйыңыз (етті жауып тұруға
тиіс).
Қақпағын жауып, пештің ішіне қойыңыз.
Тұмшапештің ішіндегі уақыты: 120 минут
Тұмшапеш деңгейі: 3
Cabbage Casserole
Құрамы:
1 орамжапырақ (800 г)
майоран
•1 пияз
•қуыратын өсімдік майы
400 г тартылған ет
250 г ұзын дәнді күріш
тұз, бұрыш және паприка
1 литр ет сорпасы
200 мл қаймақ
100 г үгітілген ірімшік
Дайындау әдісі:
Қырыққабатты текшелеп турап, өзегін алып
тастаңыз. Майоран қосылған тұзды суға
салып қайнатыңыз.
Пияздың қабығын аршып, ұсақтап тураңыз да,
аздаған майға сәл қуырыңыз. Содан кейін
тартылған ет пен ұзын дәнді күрішті қосып,
бұқтырыңыз да, тұз, бұрыш және паприка
ҚАЗАҚ 23
Page view 22
1 2 ... 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28

Comments to this Manuals

No comments