Electrolux EOC5851AOX Recipe Book Page 4

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 3
4 ас қасық сары май
Үстінен жағылатын 2 ас қасық ұн
6 ас қасық зәйтүн майы
250 мл ақ шарап
250 мл ет сорпасы
Қабығы аршылып, ұсақтап туралған 3
орташа пияз
3 түйір сарымсақ, қабығы аршылып,
жіңішкелеп тілінген
1/2 шай қасықтан тасшөп пен орегано
2 лавр жапырағы
2 қалампыр
тұз, жаңадан үгітілген қара бұрыш
Дайындау әдісі:
4 ас қасық сары майды табада ерітіңіз де,
соған көкөністі жұмсартып алыңыз. Қуыратын
табадан көкөністі алыңыз.
Бұзау жіліншіктерінің тілімдерін жуып,
сорғытып, дәмдеуіштер қосыңыз даз, ұнға
аунатыңыз. Артық ұнды сілкіп тастаңыз.
Зәйтүн майын қыздырып, етті орташа жанған
отқа қызарғанша қуырыңыз. Етті алып
шығыңыз да, қуыратын табаға қалған зәйтүн
майын құйыңыз.
Еттің сөліне 250 мл шарап қосып, табаға
құйып араластырыңыз да, кәстрөлге құйып,
шамалы уақыт баяу қайнатыңыз. 250 мл ет
сорпасын құйып, ақжелкен, тасшөп, орегано
мен туралған қызанақты қосыңыз. Тұз бен
бұрыш салып дәмдеңіз. Содан кейін қайтадан
қайнатыңыз.
Көкөністі табаға салыңыз да, үстіне етті
қосып, асқатықты құйыңыз. Табаның қақпағын
жабыңыз да, тұмшапештің ішіне қойыңыз.
Тұмшапештің ішіндегі уақыты: 120 минут
Тұмшапеш деңгейі: 1
Stuffed Veal Breast
Құрамы:
1 тоқаш
•1 жұмыртқа
200 г тартылған ет
•тұз, бұрыш
•1 пияз, туралған
•ақжелкен, туралған
1 кг бұзаудың төс еті (тілінген қуысы бар)
көжеге қосатын көкөніс (сәбіз, қияқты пияз,
балдыркөк, ақжелкен)
•50 г бекон
•250 мл су
Дайындау әдісі:
Тоқашты суға жібітіп, содан кейін суын сығып
тастаңыз. Содан кейін жұмыртқа, тартылған
ет, тұз, бұрыш, туралған пияз бен ақжелкенді
араластырыңыз.
Бұзаудың төс етіне (тілінген қуысына)
дәмдеуіш жағыңыз да, қуыстың ішіне етті
тығыңыз. Содан кейін қуысты тігіп тастаңыз.
Бұзаудың төс етін табаға салып, сорпаға
қосатын көкөністерді, беконды қосыңыз да, су
құйыңыз. Шамамен 30 минуттан кейін
қуырылып жатқан етті аударыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 100 минут
Сөренің орналасуы: 1
Meat Loaf
Құрамы:
2 кепкен тоқаш
•1 пияз
3 ас қасық туралған ақжелкен
750 г тартылған ет (сиыр еті мен шошқа еті
аралас)
•2 жұмыртқа
тұз, бұрыш және паприка
100 г беконның жұқа тілімдері
Дайындау әдісі:
Кепкен тоқашты суға жібітіп, содан кейін суын
сығып тастаңыз. Пияздың қабығын аршыңыз
да, ұсақтап тураңыз, сосын оны бұқтырып,
туралған ақжелкен қосыңыз.
Тартылған етті, жұмыртқаны, сығылған тоқаш
пен пиязды қосып араластырыңыз. Тұз,
бұрыш және паприка қосып дәмдеңіз, тік
төртбұрыш табаға салыңыз да, үстіне
беконның жұқа тілімдерін салыңыз. Аздаған
су құйып, тұмшапештің ішіне қойыңыз.
Тұмшапештің ішіндегі уақыты: 70 минут
Тұмшапеш деңгейі: 1
Swedish Festive Roast
Құрамы:
200 г кепкен қара өрік
150 мл ақ шарап
1,5 кг шошқаның қоң еті немесе бұзаудың
белдемесі (сүйектері жоқ)
1 орташа пияз
•алма
тұз, бұрыш және паприка
Дайындау әдісі:
Қара өріктерді ақ шарапқа салып екі сағат
жібітіңіз. Етті суға сәл ғана шайып, содан кейін
4
www.electrolux.com
Page view 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 27 28

Comments to this Manuals

No comments