Electrolux EOC69400X User Manual Page 2

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 48
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 1
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Жалпы мағлұмат бөлімдері 2
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 4
Пештің электронды бақылау құралдары
7
Жұмыс жүйесі 10
Кестелер және ақыл-кеңес 19
Күтім көрсету мен жөндеу 33
Не істерсіңіз, егер... 39
Құрылғыны тастау 40
Орнату 40
Пайдаланушыға қызмет көрсету 43
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Электр қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны тек құрылғы орнатуға
маманданған қызметкер ғана электр
желісіне қосуы тиіс.
Құрылғы ақаулыққа ұшырағанда не
оған нұқсан келген жағдайда:
Сақтандырғыштарды алыңыз не
құрылғыны өшіріп қойыңыз.
Осы құрылғыға қатысты жөндеу
жұмыстарын қызмет көрсету
рұқсатына ие уәкілетті мамандар ғана
жүзеге асыруы тиіс. Дұрыс жүзеге
асырылмаған жөндеу жұмыстары
елеулі ақаулықтарға әкеліп соқтыруы
мүмкін. Егер жөндеу жұмыстарын
жүргізу қажет болса, біздің
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығымызға не өз дилеріңізге
хабарласыңыз.
Балалар қауіпсіздігі
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде кішкене
балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Бұл құрылғы рұқсат етілмеген
пайдаланудан сақтауға арналған
кілтпен жабдықталған.
Пайдалану кезіндегі сақтық шарасы
Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына
қатысты тәжірибесі мен білімінің
аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы
ерекше нұсқауларды алмайынша
немесе олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның
қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Бұл құрылғыны тұрмыста тағам пісіру
мен қуыру үшін ғана қолдану керек.
Бұл құрылғының жанында орналасқан
розеткаларға электр құрылғыларын
қосу барысында сақ болыңыз. Электр
сымдары пештің қызып тұрған есігінің
астында қалып қоймауға тиіс.
Назарыңызда болсын! ЕСКЕРТУ:
Күйіп қалу қаупі бар! Қосылып тұрған
пештің іші ысып тұрады.
Егер пештің ішінде аздап алкоголь
қосылған тағам қоспаларын
қолдансаңыз, нәтижесінде аздап
тұтанғыш келетін алкоголь мен ауа
қоспасы пайда болуы мүмкін. Бұндай
жағдайда есікті ашар кезде сақ
болыңыз. Ашу барысында ешбір жылу,
от ұшқыны не ашық жалын тәрізді қауіп
көздерімен жұмыс істемеу керек.
Акриламидке қатысты ақпарат
Соңғы ғылыми білімге сүйенсек,
әсіресе құрамында крахмал заты
бар тағамдарды аса қатты қызартып
пісіру денсаулыққа акриламид
нәтижесінде орын алатын қаупін
тудырады. Сондықтан да, тағамды
тым қызартпай мүмкіндігінше
төменгі температурада пісіруге
кеңес береміз.
2 electrolux
Page view 1
1 2 3 4 5 6 7 ... 47 48

Comments to this Manuals

No comments