Electrolux EOK86030X User Manual Page 4

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 52
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 3
Микротолқын арқылы ысытылған
тағамның жылуы ыдысқа беріледі.
Пешке арналған қолғап не сол сияқты
затты пайдаланыңыз.
Тағамды тым жоғарғы қуат пен
уақытты пайдаланып шамадан тыс
пісіріп жібермеңіз. Тағам кебірсіп,
өртеніп не оның кейбір жерлері
басылап қалуы мүмкін.
Құрылғы қосылып тұрған кезде пештің
іші мен гриль функциясының қыздыру
бөлшектері мен керек-жарақтары
қызып тұрады. Оларды ұстаған кезде
абайлаңыз әрі пешке арналған
қолғапты не осындай кезде
қолданылатын сол сияқты затты
пайдаланыңыз. Күйіп қалу қаупі бар!
Металл заттарды пештің ішкі
қабырғасы мен есігінен кем дегенде 2
см алыс орналастыру қажет. Әйтпесе
ұшқын шығып оның жарқылынан
құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
Егер басқаша ұсынылмаса, алюминий
қаңылтырды пайдаланбаңыз.
Есік пен есік жақтауының арасына
ешнәрсенің қыстырылып қалмағанын
тексеріңіз.
Пеш есігінің тығыздағышын, есік
тығыздағышының бетін әрі пештің ішін
әрқашан таза ұстаңыз. Құрылғының
таза болмауы қатерлі жағдайларға
әкеліп соқтыруы мүмкін.
Пеш ішінде ешқандай тұтанғыш затты
сақтамаңыз. Бұл пешті қосқан кезде
тұтануы мүмкін.
Құрылғы ақаулығының алдын алу
жолдары
Пеш еденінің үстіне алюминий
қаңылтырды, пісіруге арналған
сөрелер мен ыдыстарды және басқа
заттарды қоймаңыз, себебі олардың
қызуынан пештің эмаль қабаты бүлінуі
мүмкін.
Пісіру сөресінен ағып кеткен жеміс
шырыны кетпейтін дақ қалдырады.
Аса сұйық қоспадан жасалған
торттарды терең сөрені қолданып
пісіріңіз.
Пештің есігі ашық тұрған кезде оған
ешбір салмақ салмаңыз.
Ыстық күйде тұрған пештің ішіне суды
тура кұймаңыз. Бұл пеш эмалін
бүлдіріп не өңін кетіруі мүмкін.
Ұқыппен қолданбау, әсіресе пештің
алдыңғы панелінің жиегін дұрыс
ұстамау шынының сынып кетуіне алып
келуі мүмкін.
Пеш ішінде ешқандай тұтанғыш затты
сақтамаңыз. Бұл пешті қосқан кезде
тұтануы мүмкін.
Пештің ішіне ешқандай ылғал бөліп
шығаратын тамақты салып
сақтамаңыз. Бұл пеш эмалін бүлдіруі
мүмкін.
Желдеткішті өшіргеннен кейін беті
жабылмаған тамақты пеш ішінде
қалдырмаңыз. Пештің іші не оның
шыны есігі буланып, сонымен қатар
пеш жабдықтары да ылғалдануы
мүмкін.
Пеш эмаліне қатысты ақпарат
Пайдалану нәтижесінде пештің
эмаль қабатының түсінің өзгеруі,
оның қалыпты және дұрыс
пайдалануға шек қоймайды.
Сондықтан да бұл кепілдік шарты
бойынша түзетілуге тиіс ақаулықты
тудырмайды.
Құрылғыны келесі жағдайларда
пайдаланбаңыз...
... жұмыртқаны не (жұмыртқаны
қуырғанда ең алдымен сарысын тесіңіз)
ұлуды қабығымен пісірмеңіз, әйтпесе
мұндай тағамдар жарылып кетеді.
... Пісіруге арналған шамадан тыс көп
майды қыздырмаңыз(фондю, майға
батырып қуыру) және құрамында көп
алкоголі бар ішімдіктерді ысытпаңыз:
Лезде тұтанып кету қатері бар! Жарылып
кету қаупі бар!
... мығым жабылған сауыттарды,
мысалы қалбыр, бөтелке, қақпағы
бұралмалы қалбырларды ысытпаңыз.
... аң не текстиль, тұқымдардан жасалған
жастық не гельден жасалған
жастықшаларды не басқа тұтанғыш
заттарды кептіру үшін пайдаланбаңыз:
Өрт шығу қаупі бар!
... фарфор, керамика не балшықтан
жасалған, мысалы сабында кішкене
тесігі бар не түбі безендірілмеген ыдыс-
аяқтарды пеште пайдаланбаңыз.
Тесіктен өткен ылғал ыдыс қызған кезде
оны жарып жіберуі мүмкін.
4 electrolux
Page view 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 51 52

Comments to this Manuals

No comments