Electrolux EOK86030X User Manual Page 2

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 52
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 1
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Жалпы мағлұмат бөлімдері 2
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 6
Бірінші қолданғанға дейін 8
Пешті пайдалану Пеш қызметі 9
Пайдалану, кестелер мен ақыл-кеңес
23
Күту менен тазалау 42
Не істерсіңіз, егер... 43
44
Құрылғыны тастау 49
Қызмет көрсету 49
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Қауіпсіздікке қатысты маңызды
нұсқаулар!
Мұқият оқып шығыңыз да келешекте
пайдалану үшін сақтап қойыңыз!
Электр қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны тек құрылғы орнатуға
маманданған қызметкер ғана электр
желісіне қосуға тиіс .
Құрылғы ақаулыққа ұшырағанда не
оған нұқсан келген жағдайда:
Сақтандырғыштарды алыңыз не
өшіріп қойыңыз.
Есік тығыздағышы не есік
тығыздағышының бет жағы бүлінсе,
оларды жөндемейінше құрылғыны
пайдаланбау керек.
Жөндеу жұмыстары қатысты жөндеу
жұмыстарын тек уәкілетті қызмет
көрсету мамандары ғана жүзеге
асыруға тиіс . Дұрыс жүзеге
асырылмаған жөндеу жұмыстары
елеулі ақаулықтарға әкеліп соқтыруы
мүмкін. Егер жөндеу жұмыстарын
жүргізу қажет болса, біздің
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығымызға не өз дилеріңізге
хабарласыңыз.
Бала қауіпсіздігі
Жас балаларды құрылғыдан аулақ
ұстау керек. Ойнап жүрген
балалардың құрылғыға тиіспеуін
қадағалаңыз.
Сауыттағы не бөтелкедегі бала
тағамын әрқашан қақпағын не бетін
ашып ысытыңыз. Ысытып болған соң
ыдыстың ішіндегісі біркелкі жылу үшін
жақсылап араластырыңыз не
шайқаңыз. Тағамды балаға бермес
бұрын, оның температурасын міндетті
түрде тексеріңіз.
Грильді пайдаланған кезде (грильдің
бір өзін не оның микротолқынмен
аралас функциясын) бақылау терезесі
ысып кетеді. Сондықтан да кішкене
балаларды құрылғы есігінен алыс
ұстаңыз.
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде
балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Пеш бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталған.
Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шарасы
Бұл құрылғыны тұрмыстағы тағам
пісіру мен қуыру үшін ғана қолдану
керек.
Бұл құрылғының жанында орналасқан
розеткаларға электр құрылғыларын
қосу барысында сақ болыңыз. Электр
сымдары пештің қызып тұрған есігінің
астында қалып қоймауға тиіс.
Ескерту: Күйіп қалу қаупі бар!
Пайдаланылып тұрған пештің іші ысып
тұрады.
Егер пештің ішінде аздап алкоголь
қосылған тағам қоспаларын
қолдансаңыз, нәтижесінде аздап
тұтанғыш келетін алкоголь мен ауа
қоспасы пайда болуы мүмкін. Бұндай
жағдайда есікті ашар кезде сақ
болыңыз. Ашу барысында ешбір жылу,
от ұшқыны не ашық жалын тәрізді қауіп
көздерімен жұмыс істемеу керек.
2 electrolux
Page view 1
1 2 3 4 5 6 7 ... 51 52

Comments to this Manuals

No comments