Electrolux EOK96030X User Manual Page 2

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 52
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 1
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Қауіпсіздік нұсқаулары 2
Құрылғы сипаттамасы 4
Ең алғаш пайдаланбас бұрын 6
Пешті іске қосып жұмыс істеу 7
Пайдалану, кестелер мен ақыл-кеңес
19
Тазалау мен күтіп ұстау 38
Қай кезде қандай шара қолдануға
болады? 41
Орнатуға байланысты нұсқаулар 42
Құрылғыны тастау 47
Қызмет көрсету 47
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Қауіпсіздікке қатысты маңызды
нұсқаулар!
Мұқият оқып шығыңыз да келешекте
пайдалану үшін сақтап қойыңыз!
Электр қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны тек құрылғы орнатуға
маманданған қызметкер ғана электр
желісіне қосуға тиіс .
Құрылғы ақаулыққа ұшырағанда не
оған нұқсан келген жағдайда:
Сақтандырғыштарды алыңыз не
өшіріп қойыңыз.
Жөндеу жұмыстары уәкілетті қызмет
көрсету мамандары ғана жүзеге
асыруға тиіс . Дұрыс жүзеге
асырылмаған жөндеу жұмыстары
елеулі ақаулықтарға әкеліп соқтыруы
мүмкін. Егер жөндеу жұмыстарын
жүргізу қажет болса, біздің
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығымызға не өз дилеріңізге
хабарласыңыз.
Бала қауіпсіздігі
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде кішкене
балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Пеш бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталған.
Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шарасы
Бұл құрылғыны тұрмыстағы тағам
пісіру мен қуыру үшін ғана қолдану
керек.
Бұл құрылғының жанында орналасқан
розеткаларға электр құрылғыларын
қосу барысында сақ болыңыз. Электр
сымдары пештің қызып тұрған есігінің
астында қалып қоймауға тиіс.
Ескерту: Күйіп қалу қаупі бар!
Пайдаланылып тұрған пештің іші ысып
тұрады.
Ескерту: Есікті тағамды буға пісірген
кезде ешқашан ашпаңыз. Шығып
кеткен бу жиһазға нұқсан келтіруі
мүмкін. Шығатын бу тура шарпымас
үшін алыс тұрыңыз.
Егер пештің ішінде аздап алкоголь
қосылған тағам қоспаларын
қолдансаңыз, нәтижесінде аздап
тұтанғыш келетін алкоголь мен ауа
қоспасы пайда болуы мүмкін. Бұндай
жағдайда есікті ашар кезде сақ
болыңыз. Ашу барысында ешбір жылу,
от ұшқыны не ашық жалын тәрізді қауіп
көздерімен жұмыс істемеу керек.
Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына
қатысты тәжрибиесі мен білімінің
аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы
ерекше нұсқауларды алмайынша не
олардың қауіпсіздігіне ие адамның
қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
2 electrolux
Page view 1
1 2 3 4 5 6 7 ... 51 52

Comments to this Manuals

No comments