Electrolux ESL63010 User Manual Page 12

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 20
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 11
Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға
болатын заттарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.
Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және
мыстан жасалған заттарды құрылғыға
салмаңыз.
Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас
үй шүберектері) салмаңыз.
Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын
алыңыз.
Күйіп жабысып қалған тағамды оңай
тазалау үшін кәстрөлдер мен табаларды
құрылғыға салмай тұрып, суға салып
жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан
және кәстрөл) аузын төмен қаратып
салыңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып
кетпейтін етіп салыңыз. Қасықтарды басқа
ас құралдарымен араластырып салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
Кішкене заттарды ас құралдары себетіне
салыңыз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз.
Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш
түтіктердің еркін айнала алатынына көз
жеткізіңіз.
8.3 Тұз, шайғыш зат және жуғыш
затты пайдалану
Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды,
шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз.
Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат
ыдыстарға ешбір жолақ, дақ қалдырмай
құрғатуға көмектеседі.
Аралас жуғыш таблеткалардың құрамында
жуғыш зат, шайғыш зат және басқа
қоспалар бар. Бұл заттардың тұратын
жеріңіздегі судың кермектігіне сай
келетініне көз жеткізіңіз. Өнімдердің
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш
заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып
қалмас үшін жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды
қолдануды ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
8.4 Бағдарламаны бастау алдында
Мынаны ескеріңіз:
Сүзгілердің таза екенін және орнатылып
тұрғанын.
Бүріккіш түтіктердің бітеліп қалмағанын.
Заттардың себеттерге дұрыс салынғанын.
Бағдарламаның салынған ыдыстың түріне
және ластану дәрежесіне сай екенін.
Жуғыш зат дұрыс мөлшерде
қолданылғанын.
Кір жуғыш машина тұзы бен шайғыш
заттың (егер аралас жуғыш таблетканы
қолданбасаңыз) бар екенін.
Тұз сауытының қақпағының мықтап
жабылғанын.
9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен бүріккіш
түтіктер жуу нәтижесін төмендетеді.
Уақытылы тексеріп, қажет болса
тазалаңыз.
12
www.electrolux.com
Page view 11
1 2 ... 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20

Comments to this Manuals

No comments