Electrolux ESL63010 User Manual Page 2

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 20
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 1
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Жалпы мағлұмат бөлімдері 2
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 3
Бұйым сипаттамасы 4
Құрылғыны пайдалану 5
Су жұмсақтайтын бұйымын салу 6
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
7
Шаю бұйымдары 8
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
9
Тазалау бұйымдарын қолдану 11
Жуу программасын таңдау және бастау
12
Жуу программалар 13
Күту менен тазалау 14
Не істерсіңіз, егер... 15
Техникалық сиппатама 17
Орнату 17
Суға қосу 18
Электртоғына қосу 19
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 19
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Осы нұсқаулықты өз қауіпсіздігіңіз
бен құрылғыны дұрыс пайдалану
үшін, оны орнатып іске қоспас бұрын
мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықты
әрқашан тіпті құрылғыны көшірсеңіз
не сатсаңыз да онымен бірге
қалдырыңыз. Пайдаланушылар
құрылғының қауіпсіздік функциясы
мен оны іске қосу жолдарын толық
білуге тиіс.
Дұрыс пайдалану
Құрылғы тек үйде пайдалануға ғана
арналған.
Құры л ғ ы н ы тек ы дыс жуғ ы ш маши н а д а
жууға болатын үйдегі ыдыс-аяқтарды
жуу үшін ғана қолданыңыз.
Құрылғыға ешбір еріткіш зат
салмаңыз. Жарылып кету қаупі бар.
Пышақ және өткір ұшты құралдардың
барлығын ас үй құралдары себетіне
төмен қаратып салыңыз. Не үстіңгі
себетке көлденең жатқызып салыңыз.
Тек ыдыс жуғышқа арналған
фирмалық заттарды(жуғыш зат,
тұз,шайғыш зат)ғана қолданыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғы есігін
ашсаңыз, ысты қ бу шығып ке т еді. Кү й і п
қалу қаупі бар.
Ыдыстарды ыдыс жуғыштан жуу
бағдарламасы аяқталмай тұрып
алмаңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталған кезде
розетканы электр желісінен суырып,
судың шүмегін жабыңыз.
Бұл құрылғыны тек уәкілетті қызмет
көрсету маманы ғана жөндеуге тиіс.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
Жарақат алып не құрылғыға зақым
келмес үшін құрылғыны өзіңіз
жөндемеңіз. Әрқашан жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Жалпы қауіпсіздік ережелері
Физиологиялық, сезімдік не қабілет
деңгейі төмен немесе пеш жұмысына
қатысты тәжірибесі мен білімі аз
адамдар (балаларды қоса
алғанда)құрылғыны пайдаланбауға
тиіс. Олар құрылғыны міндетті түрде
өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның нұсқауы не қадағалауы
бойынша пайдалануға тиіс.
Көз, ауыз қуысы мен кеңірдек күйіп
қалмас үшін ыдыс жуғыш машинаға
арналған жуғыш заттарды пайдалану
туралы өндіруші нұсқауларын
орындаңыз.
•Ыдыс жуғыш машинадағы суды
ішпеңіз. Жуғыш заттың қалдығы
құрылғы ішінде қалып қоюы мүмкін.
2 electrolux
Page view 1
1 2 3 4 5 6 7 ... 19 20

Comments to this Manuals

No comments