Electrolux EVY7800AAX Recipe Book Page 11

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 10
салыңыз. Үккіштен өткізілген ірімшікті сеуіп,
қаймақтан құйыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 12 минут
Сөренің орналасуы: 2
Картоп, кәді қосылған пісірме
2 адамға арналған.
Құрамы:
250 г картоп
200 г кәді
•тұз
жаңа ұнтақталған ақ бұрыш
130 г үккіштен өткізілген аралас ірімшік
(мысалы, пицца микс)
1 кшікене қалбырдағы анчоус, 60 г
1 түйір сарымсақ, ұнтақталған
1 ұсақталып туралған шалот
150 мл май алынбаған қаймақ
жас шөптер (мысалы, базилик, майоран,
орегано, тасшөп) немесе дәмдеуіш қоспа
шамалы зәйтүн майы
Дайындау әдісі:
Картоптардың қабығын аршып, жұқа
тілімдерге бөліңіз.
Кәділерді жуып, ас үй сүлгісімен мұқият
құрғатыңыз. Жұқа тілімдерге бөліңіз. Пісірме
табақты шамалы зәйтүн майымен майлаңыз.
Картоп пен кәді тілімдерін араластырып, тұз
бен бұрыш қосып дәмдеңіз. 100 г ірімшікке
сарымсақ пен шалотты қосып араластырып,
пісірме табаққа анчоустарды қосып қабаттап
салыңыз.
Қаймақты ірімшіктің қалғанымен
араластырыңыз. Ұсақ туралған шөптерді
немесе дәмдеуіш қоспаны қосыңыз. Абайлап
араластырып, тағамның үстіне қасықтап
құйыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 30 минут
Сөренің орналасуы: 1
Ірімшік гратині
3 адамға арналған.
Құрамы:
8 тілім ақ нан
100 мл ақ шарап
1 пияз, дөңгелектеп туралған
100 г үккіштен өткізілген ірімшік (грюйер
немесе Альп ірімшіктері)
400 мл сүт
•3 жұмыртқа
•тұз
жаңа ұнтақталған қара бұрыш
мускат жаңғағы, үккіштен өткізілген
100 г текшелеп туралған, қақталған бекон
40 г сары май қабыршықтары
1 байлам пияз
Дайындау әдісі:
Наннан 32 үшбұрыш жасау үшін, диагональ
бойынша екі бағытта кесіңіз. Жалпақ пісірме
табаққа нанның тілімдері мен дөңгелектеп
туралған пияздарды кезек-кезек салыңыз. Ақ
шараптан себіңіз.
Ірімшікке сүт және жұмыртқа қосып
көпіршітіңіз. Дәм-татымын келтіріп, нанның
үстіне құйыңыз. Тағамның үстіне беконды
біркелкі таратып, содан кейін үстіне сары
майдың қабыршықтарын таратып салыңыз.
Үстелге тартар алдында пиязды тағамның
үстіне таратып салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 30 минут
Сөренің орналасуы: 1
Қияқты пияз кассеролесі
2 – 3 адамға арналған.
Құрамы:
500 г қияқты пияз
250 г кварк (жарты майы алынған)
50 мл қаймақ
•1 жұмыртқа
50 г үгітілген ірімшік, мысалы, пармезан
1 түйір сарымсақ
•тұз
жаңа ұнтақталған қара бұрыш
2 – 3 тілім ветчина
1 толы ас қасық нан қоқымдары
сары майдың қабыршақтары
Дайындау әдісі:
Қияқты пиязды 1 см қалың етіп, дөңгелектеп
турап, қайнап тұрған тұзды суға 5 минут
пісіріңіз. Суын төгіп, жақсылап сорғытыңыз.
Ветчинаны таспа түрінде тураңыз.
Кваркты, қаймақты, жұмыртқаларды және
ірімшіктің 2 / 3 бөлігін араластырыңыз.
Сарымсақты осы қоспаға үгітіп салып,
араластырыңыз. Ең соңында қияқты пияздар
мен ветчинаны қосыңыз. Тұз бен бұрыш
салып дәмдеңіз. Сары май жағылған пісірме
табаққа дереу салыңыз.
ҚАЗАҚ 11
Page view 10
1 2 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 27 28

Comments to this Manuals

No comments