Electrolux EVY7800AAX Recipe Book Page 12

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 11
Ірімшіктің қалғаны мен нанның қоқымдарын
өзара араластырып, тағамның үстіне себіңіз.
Сары майдың қабыршақтарын көбірек себіңіз.
Құрылғының ішіндегі уақыт: 20 минут
Сөренің орналасуы: 1
Толтырмасы бар каннелони
4 адамға тісбасар ретінде
2 адамға негізгі мәзір ретінде
Құрамы:
1 пияз, ұсақ туралған
1 шай қасық маргарин
1 түйір сарымсақ
1 қалта мұздатылған жапырақты саумалдық
(300 г)
100 г үгітілген ірімшік
1 қалбыр қызанақ (400 г)
10 каннелони түтікшелері (пісірілмеген)
тез еритін сорпа қоспасы
•тұз
•ақ бұрыш
•орегано
паприка
мускат жаңғағы
Дайындау әдісі:
Пиязды табадағы маргаринге қуырыңыз.
Мұздатылған саумалдықтан қосып, саумалдық
ерігенше ара-тұра араластырыңыз. Шамамен
5 минут пісіріңіз де, 50 г үккіштен өткізілген
ірімшік, ақ бұрыш, жылдам еритін сорпа
қоспасын, үгітілген сарымсақтың түйірін, және
мускат жаңғағын қосып, дәм-татымын
келтіріңіз. Қайнатып, 3 - 4 минут пісіріңіз.
Каннелониге қоспадан салып толтырыңыз.
Астыңғы қабатын қызанақтан жасау үшін,
қалбырдың ішіндегісін ұзынша пісірме табаққа
салып, қызанақтарды шанышқымен жаншып,
тұз, ақ бұрыш, орегано және паприка қосып
дәмдеңіз.
Толтырмасы бар каннелониді қызанақтың
үстіне қойып, қалған ірмшіктерді үстіне себіңіз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 30 минут
Сөренің орналасуы: 1
Картоп гратині
Құрамы:
1000 г картоп
1 шай қасық тұз, бұрыш және мускат
жаңғағы
2 түйір сарымсақ
200 г үгітілген ірімшік
200 мл сүт
200 м кілегей
4 ас қасық сары май
Дайындау әдісі:
Картоптың қабығын аршып, жұқалап тураңыз,
құрғатыңыз да, дәмдеуіш қосыңыз.
Пешке төзімді ыдыстың ішін сарымсақ
түйірімен ысқылаңыз да, ыдысты аздаған
сары маймен майлаңыз.
Дәмдеуіш қосылған картоп тілімдерінің
жартысын ыдысқа таратып салыңыз да, үстіне
үгітілген ірімшіктен шамалап себіңіз. Осының
үстіне қалған картоп тілімдерін салып,
үгітілген ірімшіктің қалғанын таратып себіңіз.
Сарымсақтың екінші түйірін жаншып, сүт және
кілегеймен бірге шайқаңыз. Қоспаны
картоптың үстіне құйыңыз да, қалған сары
майды ұсақ кесектерге бөліп гратиннің үстіне
таратып салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 45 минут
Сөренің орналасуы: 1
Печенье
Құрамы:
•4 жұмыртқа
2 ас қасық ыстық су
•50 г қант
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8 г)
1 шөкім тұз
100 г қант
100 г ұн
100 г жүгері ұны
2 шай қасық қопсытқыш ұнтақ
Басқа:
28 см дөңгелек серіппелі пісірме табақ,
түбіне пергамент қағаз төселген қара
тәрелке
Дайындау әдісі:
Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөліңіз.
Жұмыртқаның сарысын ыстық су, 50 г қант,
ванильді қант және тұзбен араластырып
шайқаңыз. Жұмыртқаның ағын 100 г қант
қосып көлемі ұлғайғанша шайқаңыз.
Ұн, жүгері ұнын және қопсытқыш ұнтақты
қосып елеңіз.
Жұмыртқаның ағы мен сарысын қосып, еппен
араластырыңыз. Содан кейін ақырындап ұн
қосып араластырыңыз. Қоспаны пісірме
табаққа құйып, үстін тегістеңіз де, құрылғыға
қойыңыз.
12
www.electrolux.com
Page view 11
1 2 ... 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 ... 27 28

Comments to this Manuals

No comments