Electrolux EVY7800AAX Recipe Book Page 14

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 13
Сары май, ірімшік пен қант түйіршіктерін
араластырыңыз (қажет болса, оңай жағылуы
үшін аздап сүт қосыңыз).
Суығаннан кейін торттың үстіне жағыңыз да,
ең үстіне жер жаңғағын себіңіз.
Ірімшік фланы
Құрамы:
Швейцарлық қатпарлы пирожный
қамырының немесе қатпарлы қамырдың
(шаршылап жайылған) 1,5 жаймасы
500 г үгітілген ірімшік
200 мл кілегей
100 мл сүт
•4 жұмыртқа
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Дайындау әдісі:
Жақсылап майланған пісірме табаққа
қамырды салыңыз. Қабырдың түбін түгелдей
шанышқымен тесіңіз.
Қамырдың үстіне ірімшікті біркелкі етіп
жайыңыз. Кілегейді, сүт пен жұмыртқаны
араластырыңыз да, тұз, бұрыш пен мускат
жаңғағын сеуіп, дәмдеңіз. Қайтадан жақсылап
араластырып, үстінен ірімшік салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 45 минут
Сөренің орналасуы: 3
Ірімшікті кондитер өнімі
Құрамы:
400 г фета ірімшігі
•2 жұмыртқа
3 ас қасық туралған жайпақ жапырақты
ақжелкен
қара бұрыш
80 мл зәйтүн майы
375 г қатпарлы қамыр
Дайындау әдісі:
Фета ірімшігін, жұмыртқаны, ақжелкен мен
бұрышты қосып араластырыңыз. Қатпарлы
қамырды құрғап кетпеуі үшін ылғал
шүберекпен жабыңыз. 4 жайманы бірінің
үстінен бірін салыңыз, әр жаймаға шамалап
май жағыңыз.
Әрқайсысы 7 см 4 таспаға кесіңіз.
Таспаның әр бұрышына үстіне дейін
толтырылған 2 ас қасық фета қоспасын
салып, оны қиықша үшбұрыш етіп ораңыз.
Пісірме табаққа аударып салыңыз да, бетіне
май жағыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 25 минут
Сөренің орналасуы: 2
Шаруа наны
Құрамы:
500 г бидай ұны
250 г қарабидай ұны
•15 г тұз
Құрғақ ашытқының 1 кішкене қапшығы
250 мл су
250 мл сүт
Басқа:
Майланған немесе пергамент қағаз
төселген пісірме табақ
Дайындау әдісі:
Үлкен шараға ұн, қарабидай ұнын, тұз бен
құрғақ ашытқыны салыңыз.
Суды, сүт пен тұзды араластырып, ұн
қосыңыз. Құрамдас бөліктердің барлығын
қосып қамыр илеңіз. Қамыр екі есе
үлкейгенше тындырып қойыңыз.
Қамырдан ұзын бөлке жасап, содан кейін оны
майланған және пергамент қағаз төселген
пісірме табаққа салыңыз.
Қамыр кесегі бір жарым есе үлкейгенше оны
тағы тындырыңыз. Пісірерден бұрын аздап ұн
себіңіз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 55 минут
Сөренің орналасуы: 2
Лимон қосылған қопсыма торт
Қоспаға салынатын құраластар:
250 г сары май
200 г қант
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8 г)
1 шөкім тұз
•4 жұмыртқа
150 г ұн
150 г жүгері ұны
1 шай қасық толы қопсытқыш ұнтақ
2 лимонның үгітілген қабығы
Жылтыр құймаға қосылатын құраластар:
125 мл лимон шырыны
100 г қуырылған қант түйірлері
Басқа:
Шаршы пісірме табақ, ұзындығы 30 см
Майлауға арналған маргарин
Пісірме табаққа себуге арналған нан
үгіндісі
Дайындау әдісі:
14
www.electrolux.com
Page view 13
1 2 ... 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 ... 27 28

Comments to this Manuals

No comments