Electrolux EVY7800AAX Recipe Book Page 16

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 15
•1 литр су
•тұз
250 г тальятелле
250 г пісірілген ветчина
20 г сары май
1 байлам ақжелкен
•1 пияз
100 г сары май
•1 жұмыртқа
250 мл сүт
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
50 г үгітілген пармезан ірімшігі
Дайындау әдісі:
Аздаған тұз қосылған суды отқа қойып
қайнатыңыз. Қайнап жатқан тұзды суға
тальятеллені салыңыз да, шамамен 12 минут
қайнатыңыз. Содан кейін сорғытыңыз.
Ветчинаны текшелеп кесіңіз.
Табада сары майды қыздырыңыз.
Ақжелкенді турап, пияздың қабығын аршыңыз
да, оны да тураңыз. Екеуін де табаға салып,
бұқтырып алыңыз.
Пісірме табаққа аздаған май жағыңыз.
Тальятелле, ветчина және бұқтырылған
ақжелкен мен пиязды араластырыңыз да,
табаққа салыңыз.
Жұмыртқа мен сүтті араластырып, дәмдеу
үшін тұз, бұрыш және мускат жаңғағын
себіңіз, содан кейін паста қоспасына құйыңыз.
Осыдан кейін тағамның үстіне пармезан
ірімшігін себіңіз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 45 минут
Сөренің орналасуы: 2
Пицца
Қамырға арналған құраластар:
14 г ашытқы
•200 мл су
300 г ұн
•3 г тұз
1 ас қасық өсімдік майы
Үстін безендіруге арналған құраластар:
1/2 шағын қалбырдағы туралған қызанақ
200 г үккіштен өткізілген ірімшік
100 г салями
100 г пісірілген ветчина
150 г саңырауқұлақ (консервіленген)
150 г Фета ірімшігі
•орегано
Басқа:
Пісірме табақ, майланған
Дайындау әдісі:
Ашықтыны шараға үгітіп салып, жылымшы
суға езіңіз. Ұнға тұз сеуіп, араластырыңыз да,
май құйып, шараға салыңыз.
Шараға жабыспайтын қамыр пайда болғанша
құрамдас бөліктерді илеңіз. Содан кейін
қамырдың көлемі екі есе үлкейгенше жылы
жерге қойыңыз.
Қамырды жайыңыз да, майланған пісірме
табаққа салыңыз да, түбін шанышқымен
тесіңіз.
Үстіңгі бетінің құрамдас бөліктерін берілген
ретпен негіздің үстіне салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 25 минут
Сөренің орналасуы: 2
Киш лорен
Қамырға арналған құраластар:
200 г ұн
•2 жұмыртқа
100 г сары май
1 / 2 шай қасық тұз
аздаған бұрыш
1 шөкім мускат жаңғағы
Үстін безендіруге арналған құраластар:
150 г үгітілген ірімшік
200 г пісірілген ветчина немесе майсыз
бекон
•2 жұмыртқа
250 г қышқыл қаймақ
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Басқа:
Диаметрі 28 см қара түсті, майланған
пісірме табақ
Дайындау әдісі:
Ұн, май, жұмыртқа мен дәмдеуіштері шараға
салып, біркелкі қамыр пайда болғанша
араластырыңыз. Қамырды бірнеше сағат
тоңазытқышқа қойыңыз.
Содан кейін қамырды жайыңыз да, майланған
қара пісірме табаққа салыңыз. Түбін
шанышқымен тесіңіз.
Беконды қамырдың үстінен жайып салыңыз.
Толтырма жасау үшін жұмыртқа, қаймақ пен
дәмдеуіштерді қосып араластырыңыз. Содан
кейін ірімшік қосыңыз.
Толтырманы беконның үстіне құйыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 40 минут
Сөренің орналасуы: 2
16
www.electrolux.com
Page view 15
1 2 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ... 27 28

Comments to this Manuals

No comments