Electrolux EVY7800AAX Recipe Book Page 19

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 18
2 шай қасық қоңыр қант
2 шай қасық қызанақ езбесі
500 мл сиыр етінің сорпасы
Дайындау әдісі:
Сиыр етін текшелеп тураңыз да, тұз бен
бұрыш қосып дәмдеп, аздаған ұн себіңіз.
Сары майды табада қыздырып, соған ет
кесектерін қызарғанша қуырыңыз. Содан кейін
кәстрөлге салыңыз.
Пиязды аршып, ұсақтап тураңыз да, аздаған
майға жеңіл-желпі қуырыңыз, содан кейін
табадағы еттің үстінен салыңыз.
Күңгірт сыра, қоңыр қант, қызанақ пастасын
және сиыр етінің сорпасын араластырыңыз
да, табаға салып, бір қайнатыңыз. Содан
кейін еттің үстінен құйыңыз (етті жауып тұруға
тиіс).
Қақпағын жауып, құрылғының ішіне қойыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 120 минут
Сөренің орналасуы: 2
Чизкейк
Дөңгелек орттың негізіне арналған
құраластар:
150 г ұн
•70 г қант
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8 г)
•1 жұмыртқа
70 г жібіген сары май
Сүзбелі кремнің құраластары:
3 жұмыртқаның ағы
•50 г мейіз
2 ас қасық ром
750 г майы аз кварк
3 жұмыртқаның сарысы
200 г қант
бір лимонның шырыны
200 г қаймақ
Ваниль дәмді 1 қапшық қайнатпа крем
ұнтағы (500 мл сүт қосылатын пуддинг
жасау үшін ұнтақтың 40 г мөлшері
қосылады )
Басқа:
Диаметрі 26 см қара түсті пісірме табақ,
майланған
Дайындау әдісі:
Ұнды шараға елеңіз. Қалған құрамдас
бөліктерді қосып, қол миксерімен
араластырыңыз. Содан кейін қоспаны
тоңазытқышқа 2 сағат қоя тұрыңыз.
Серіппелі пішінді табақтың майланған түбіне
қоспаның шамамен 2/3 бөлігін жайып,
шанышқымен бірнеше рет тесіңіз.
Қалған қоспадан биіктігі шамамен 3 см жиек
жасаңыз.
Жұмыртқаның ағын қол миксерімен көлемі
ұлғайғанша шайқаңыз. Мейізді жуып,
жақсылап кептіріңіз, содан кейін оған ром
бүркіп, сіңгенше қоя тұрыңыз.
Майы аз кварк, жұмыртқаның сарысы, қант,
лимон шырыны, қаймақ пен қайнатпа крем
ұнтағын араластырғыш шараға салып,
жақсылап араластырыңыз.
Соңында жұмыртқаның шайқалған ағы мен
мейізді кварк қоспасына еппен қосыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 85 минут
Сөренің орналасуы: 2
Фри
Уақыт пен температураға қатысты нұсқаулар
орамда көрсетілген. Өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз.
Жеміс торты
Құрамы:
200 г сары май
200 г қант
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8 г)
1 шөкім тұз
•3 жұмыртқа
300 г ұн
1 / 2 қалта қопсытқыш ұнтақ (шамамен 8 г)
125 г қарақат
125 г мейіз
60 г ұсақталған бадам
60 г қантқа матырылған лимон қабығы
немесе қантқа матырылған апельсин
қабығы
60 г ұсақталған қантқа матырылған шие
70 г тұтастай бланширленген бадам
Басқа:
Диаметрі 24 см қара түсті пісірме табақ
Майлауға арналған маргарин
Пісірме табаққа себуге арналған нан
үгіндісі
Дайындау әдісі:
Сары май, қант, ванильді қант пен тұзды
араластырғыш шараға салп шайқаңыз. Содан
кейін жұмыртқаны бір-бірден қосып, тағы да
шайқаңыз. Қопсытқыш ұнтақпен араласқан
ҚАЗАҚ 19
Page view 18
1 2 ... 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 ... 27 28

Comments to this Manuals

No comments