Electrolux EVY7800AAX Recipe Book Page 20

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 19
ұнды кілегейлі қоспаға қосып,
араластырыңыз.
Жемісті де қоспаға қосып араластырыңыз.
Қоспаны дайындалған табаққа салыңыз да,
қоспаның жиектерін ортасына қарағанда
шамалы биіктетіңіз. Торттың жиектері мен
ортасын тұтастай бланширленген бадаммен
безендіріңіз. Тортты құрылғыға қойыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 100 минут
Сөренің орналасуы: 2
Жеміс бәліші
Қамырға арналған құраластар:
200 г ұн
•1 шөкім тұз
125 г сары май
•1 жұмыртқа
•50 г қант
50 мл суық су
Толтырмаға арналған құраластар:
Жыл маусымына қарай жеміс-жидек
таңдалады (400 алма, шабдалы, қышқыл
шие және т.б.)
•90 г бадам
•2 жұмыртқа
100 г қант
90 г жібіген сары май
Басқа:
Диаметрі 28 см қайнатпа крем табағы,
майланған
Дайындау әдісі:
Араластыратын шараға ұнды елеңіз де, тұзды
және сары майдың шағын бөліктерін ұнмен
араластырыңыз. Содан кейін жұмыртқаны,
қант пен суды қосып, қамыр илеңіз.
Қамырды тоңазытқышта 2 сағат суытып
қойыңыз. Тоңазыған қамырды жайыңыз да,
май жағылған қайнатпа крем табағына салып,
шанышқымен тесіңіз. Жемісті тазалаңыз,
өзегін, сүйегі мен дәндерін алып тастаңыз да,
кішкене кесектерге не тілімге бөліп, қамырдың
үстінен салыңыз. Бадамды, жұмыртқаны, қант
пен жібіген сары майды шараға салыңыз да,
шайқаңыз. Содан кейін үстіне жемісті салып,
бетін тегістеңіз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 50 минут
Сөренің орналасуы: 2
Картоп құймақтары
Уақыт пен температураға қатысты нұсқаулар
орамда көрсетілген. Өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз.
Лазанья
Ет асқатығына арналған құраластар:
100 г таспалап туралған бекон
•1 пияз
•1 сәбіз
100 г балдыркөк
2 ас қасық зәйтүн майы
400 г тартылған ет (сиыр еті мен шошқа еті
аралас)
100 мл ет сорпасы
1 шағын қалбырдағы туралған қызанақ
(шамамен 400 г)
орегано, тасшөп, тұз және бұрыш
Бечамель соусына арналған құраластар:
75 г сары май
•50 г ұн
600 мл сүт
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Төмендегілермен араластырыңыз:
3 ас қасық сары май
250 г жасыл лазанья
50 г үгітілген пармезан ірімшігі
50 г үгітілген жұмсақ ірімшік
Дайындау әдісі:
Өткір пышақпен беконды қыртысы мен
шеміршектен тазартып, ұсақ текшелеп
тураңыз. Пияз бен сәбізді аршып, балдыркөкті
тазалаңыз, көкөністің бәрін ұсақтап тураңыз.
Кәстрөлге өсімдік майын қыздырып, бекон
мен туралған көкөністі араластыра отырып
қуырыңыз.
Туралған еттен біртіндеп қосып, үзбестен
араластырып қуырыңыз да, ет сорпасын
қосып сөлін алыңыз. Ет сорпасына қызанақ
езбесі, асшөп, тұз бен бұрыш қосып, қақпақ
жауып, бәсең отқа қойып шамамен 30 минут
қайнатыңыз.
Арасында бечамель тұздығы дайындаңыз:
Сары майды табада ерітіңіз, ұн қосып,
үзбестен араластыра отырып, сарғылт
тартқанша пісіріңіз. Үзбей араластыра отырып
біртіндеп сүт құйыңыз. Тұздыққа тұз, бұрыш
пен мускат жаңғағын қосыңыз да, қақпағын
жаппай шамамен 10 минут қайнатыңыз.
20
www.electrolux.com
Page view 19
1 2 ... 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28

Comments to this Manuals

No comments