Electrolux EVY7800AAX Recipe Book Page 21

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 20
Пешке төзімді төртбұрышты үлкен ыдысты 1
ас қасық сары маймен майлаңыз. Паста
қамырын, ет тұздығын, бечамель тұздығын
және араласқан ірімшікті бірінен кейін бірін
қабаттап ыдысқа салыңыз. Ірімшік себілген
бечамель тұздығының қабаты соңғы қабат
болуға тиіс. Қалған сары майды ұсақ
кесектерге бөліп, тағамның үстінен салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 55 минут
Сөренің орналасуы: 2
Лазанья/Каннелони, мұздатылған
Уақыт пен температураға қатысты нұсқаулар
орамда көрсетілген. Өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз.
Mуссака (10 адамға арналған)
Құрамы:
1 туралған пияз
зәйтүн майы
1,5 кг тартылған ет
1 қалбырдағы туралған қызанақ (400 г)
50 г үгітілген ірімшік
4 шай қасық нан үгіндісі
тұз бен бұрыш
•даршын
1 кг картоп
•1,5 кг баклажан
қуыратын сары май
Бечамель соусына арналған құраластар:
75 г сары май
•50 г ұн
600 мл сүт
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Төмендегілермен араластырыңыз:
150 г үгітілген ірімшік
4 ас қасық нан үгіндісі
50 г сары май
Дайындау әдісі:
Туралған пиязды аздаған зәйтүн майына
қуырыңыз, сосын тартылған етті салып,
араластыра отырып қуырыңыз.
Туралған қызанақты, үгітілген эмменталь
ірімшігін және нан үгіндісін қосыңыз, жақсылап
араластырып, қайнатыңыз. Содан кейін тұз,
бұрыш жне дәмқабық себіңіз де, ыстық
табақтан алыңыз.
Картоптың қабығын аршып, қалыңдығын 1 см
етіп тураңыз, баклажанды жуыңыз да,
қалыңдығын 1 см етіп тураңыз.
Барлық тілімдерді майлық қағазбен
құрғатыңыз. Содан кейін сары майды мол
салып, қызарғанша қуырыңыз.
Арасында бечамель тұздығы дайындаңыз:
сары майды табада ерітіңіз, ұн қосып,
үзбестен араластыра отырып, сарғылт
тартқанша пісіріңіз. Үзбей араластыра отырып
біртіндеп сүт құйыңыз. Тұздыққа тұз, бұрыш
пен мускат жаңғағын қосыңыз да, қақпағын
жаппай шамамен 10 минут қайнатыңыз.
Картоп тілімдерін майланған пісірме табақтың
түбіне салыңыз да, аздаған үгітілген ірімшік
себіңіз. Осының үстіне баклажан қабатын
салыңыз. Оның үстіне тартылған ет
қоспасының аздаған бөлігін салыңыз. Оның
үстіне аздап бечамель тұздығын құйыңыз.
Содан кейін картоп, баклажан мен тартылған
ет қоспасынан жасалған тағы бір қабат
жасаңыз. Соңғы қабаты бешамель тұздығы
болуға тиіс. Ең үстіне ірімшік пен нан
үгіндісінің қалған бөлігін себіңіз. Сары майды
ерітіп, мусаканың үстіне құйыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 60 минут
Сөренің орналасуы: 2
Американ пиццасы, мұздатылған
Уақыт пен температураға қатысты нұсқаулар
орамда көрсетілген. Өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз.
Пицца, тоңазытылған
Уақыт пен температураға қатысты нұсқаулар
орамда көрсетілген. Өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз.
Пицца, мұздатылған
Уақыт пен температураға қатысты нұсқаулар
орамда көрсетілген. Өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз.
Пицца тісбасары, мұздатылған
Уақыт пен температураға қатысты нұсқаулар
орамда көрсетілген. Өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз.
ҚАЗАҚ 21
Page view 20
1 2 ... 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28

Comments to this Manuals

No comments