Electrolux EVY7800AAX Recipe Book Page 24

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 23
1 кішкене қалбыр саңырауқұлақ (бастары
кішкене)
500 г туралған пияз
1 кг тұшпара қамыры
400 г үгітілген ірімшік
250 мл кілегей
Дайындау әдісі:
Күркетауық таяқшаларын тұз, бұрыш, паприка
т.с.с. қосып дәмдеңіз. Туралған пиязбен
қуырыңыз. Саңырауқұлақтарды әбден
сорғытыңыз. Содан кейін етті, пияз бен
саңырауқұлақты біріктіріп араластырып,
тұмшапеш ыдысына салыңыз. Тұшпара
қамыры мен ірімшікті біріктіріп араластырып,
күркетауық етінің үстіне салыңыз. Үстіне
қаймақ құйыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 75 минут
Сөренің орналасуы: 2
Швед қуырмасы
Құрамы:
200 г кепкен қара өрік
150 мл ақ шарап
1,5 кг шошқаның қоң еті немесе бұзаудың
белдемесі (сүйектері жоқ)
1 орташа пияз
•алма
тұз, бұрыш және паприка
Дайындау әдісі:
Қара өріктерді ақ шарапқа салып екі сағат
жібітіңіз. Етті суға сәл ғана шайып, содан кейін
құрғатыңыз. Еттің астыңғы жағын тіліп, әр
тілікке қара өріктен барынша ары қарай итере
отырып салыңыз. Еттің дәм-татымын келтіріп,
қуыратын табаға өріктері жоқ жағын жоғары
қаратып салыңыз. Пияздар мен алманың
қабығын аршып, сегіз бөлікке бөліп,
қуырылатын еттің айналасына қойыңыз. Қара
өріктер жібітілген шараптың қалғанына
литрдің төрттен біріне жеткенше су қосып
құйып, қуырылатын еттің үстіне құйыңыз.
Крокетпен, картоп гратинімен, брокколи
немесе т.с.с. бірге үстелге тартуға болады.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 60 минут
Сөренің орналасуы: 2
ДЕСЕРТ
Өрік кремі
2 адамға арналған.
Құрамы:
250 г сары өрік
100 мл ақ шарап
2 – 3 ас қасық қант
150 г маскарпоне немесе кварк (қаймақты
ірімшік)
250 мл кілегей
2 ас қасық сары өрік ликеры немесе шие
брэндиі
Дайындау әдісі:
Сары өрікті шарадағы ақ шарапқа
араластырып, Өрік кремі бағдарламасын
таңдаңыз. Салқындатып қойыңыз.
Сары өрікті мұқият араластырыңыз немесе
пюре пайда болғанша қол миксерімен
араластырыңыз. Маскарпонені немесе
кваркты бір-бір қасықтап пюреге салып
араластырыңыз.
Кремді мұқият көпіршітіп, содан кейін сары
өріктің креміне айналдырыңыз. Сары өрік
креміне жағымды иіс енгізу үшін сары өрік
ликерын немесе шие брэндиін қосыңыз.
Кремді салқын жерге қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыт: 6 минут
Сөренің орналасуы: астыңғы шыны
"Амаретто" шабдалысы
2 адамға арналған.
Құрамы:
қалбырдағы шабдалының 4 жартысы
50 г амаретти
1 толы ас қасық қант (1)
1 ас қасық какао ұнтағы
1 ас қасық Vin Santo (итальян десерт
шарабы) немесе Grand Marnier
сары майдың қабыршақтары
100 мл қаймақ
1 ас қасық қант (2)
Дайындау әдісі:
Шабдалыны жақсылап сорғытып, сары
маймен жақсылап майланған табаққа
салыңыз. Амаретти печеньелерін сындырып,
қант (1) пен какао ұнтағына араластырыңыз.
Қоймалжың пастаға айналдыру үшін Vin Santo
шарабын қосыңыз. 4 шарик жасап, жарты
шабдалылардың үстіне қойыңыз.
Жылы шабдалыны қант (2) қосылған
қаймақпен тартыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 4 минут
Сөренің орналасуы: астыңғы шыны
24
www.electrolux.com
Page view 23
1 2 ... 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28

Comments to this Manuals

No comments