Electrolux EVY7800AAX Recipe Book Page 5

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 4
20 г пісіруге арналған май
250 г пияз, дөңгелектеп тураңыз
6 ас қасық қаймақ (қышқыл қаймақ)
тәтті паприка ұнтағы
лимон
•тұз
Дайындау әдісі:
Пияздарды табадағы майға салып, мөлдір
болғанша бұқтырыңыз. Содан кейін сары май
салынған пісірме табаққа салыңыз.
Балықтың филесін тазалап, лимон шырынын
сеуіп, тұз қосып, табадағы пияздардың үстіне
салыңыз. Қаймаққа паприканы араластырып,
осы тұздықты балық филесінің үстіне
құйыңыз. Шамалы тұз қосыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 12 минут
Сөренің орналасуы: 1
Тағамды пісіретін уақыттың жартысы
өткеннен кейін аударыңыз.
Тауықтың сирақтары
Құрамы:
Тауықтың 4 сирағы, әрқайсысы 250 г
250 г қаймақ
125 мл кілегей
1 шай қасық тұз
1 шай қасық паприка
1 шай қасық карри
1 / 2 шай қасық бұрыш
250 г қалбырдағы туралған саңырауқұлақ
20 г жүгері крахмалы
Дайындау әдісі:
Тауықтың сирақтарын тазалаңыз да, табаға
салыңыз. Құрамына кіретін басқа тағамдарды
бірге араластырып, тауық сирақтарының
үстінен құйыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 55 минут
Сөренің орналасуы: 2
Кок-о-ван
Құрамы:
•1 тауық еті
•тұз
•бұрыш
1 ас қасық ұн
50 г тортасы алынған сары май
500 мл ақ шарап
500 мл тауық сорпасы
4 ас қасық соя асқатығы
1/2 байлам ақжелкен
•1 тасшөп сабағы
150 г текшелеп туралған бекон
250 г талшын саңырауқұлағы, тазартылған
және төртке бөлінген
12 шалот пиязы, қабығы аршылған
2 түйір сарымсақ, қабығы аршылып,
жаншылған
Дайындау әдісі:
Тауықты тазалап, тұз және бұрыш қосып
дәмдеңіз де, үстінен ұн себіңіз.
Қуыруға арналған табаға тортасы алынған
сары майды қыздырып, тауықтың жан-жағы
түгел қызарғанша қуырыңыз. Ақ шарап, тауық
сорпасы мен соя асқатығын құйып, қайнауына
жеткізіңіз.
Ақжелкен, тасшөп, туралған бекон,
саңырауқұлақ, шалот пиязы мен сарымсақты
қосыңыз.
Тағы бір рет бұрқ еткізіп, қақпағын жабыңыз
да, құрылғының ішіне қойыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 55 минут
Сөренің орналасуы: 1
Қойдың сирағы
Құрамы:
2,7 кг тоқтының сан еті
30 мл зәйтүн майы
•тұз
•бұрыш
3 түйір сарымсақ
1 байлам балғын розмарин (немесе 1 шай
қасық кептірілген розмарин)
•су
Дайындау әдісі:
Тоқтының сан етін жуыңыз, сосын суын ағызу
үшін сілкіңіз, зәйтүн майын жағыңыз да, етті
тілімдеп кесіңіз. Тұз бен бұрыш салып
дәмдеңіз. Сарымсақ түйірлерінің қабығын
аршып, ұсақтап тураңыз, еттің тілінген
жерлеріне розмарин сабағымен бірге
тығыңыз.
Қойдың сирағын табаға салып, ыдыстың
түбінен 10-15 мм асырып су құйыңыз.
Шамамен 30 минуттан кейін қуырылып жатқан
етті аударыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 165 минут
Сөренің орналасуы: 1
ҚАЗАҚ 5
Page view 4
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 27 28

Comments to this Manuals

No comments