Electrolux EWC1350 User Manual Page 32

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 56
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 31
2.4 Пайдалану
ВНИМАНИЕ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Жуғыш заттың орамындағы
қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
Май немесе басқа да майлы заттар
қатты ластаған маталарды
жумаңыз. Бұл кір жуғыш
машинаның резеңке бөліктерін
зақымдауы мүмкін. Мұндай
маталарды кір жуғыш машинаға
салар алдында, алдын ала қолмен
жуыңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде шыны есікті ұстамаңыз.
Шыны ысып кетуі мүмкін.
2.5 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.6 Құрылғыны тастау
ВНИМАНИЕ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр және сумен
жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын
тастауға (WEEE) арналған
жергілікті ережелерге сәйкес
тастаңыз.
3. ОРНАТУ
ВНИМАНИЕ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Қораптан шығару
Кір жуғыш машинаның барабаны мен
қозғалтқышына тасымал барысында
зақым келмеу үшін бірнеше бекіту
құралдары/орам материалдарымен
бекітіліп, оралып жеткізіледі.
Құрылғыны іске пайдаланар алдында
барлық тасымал болттары мен орам
материалдарын алу керек.
Бұл тасымалдау құралдарын машина
қайтадан көшірілетін жағдай туса
пайдалану үшін сақтап қоюды
ұсынамыз.
1. Полистиролдан жасалған кейбір
орам материалдарын машинаның
артқы жағындағы еденге төсеңіз
де, олардың үстіне машинаны
сыртқы жағын төмен қаратып
абайлап жатқызыңыз. Осы кезде
құрылғының ешбір түтігінің
жаншылып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
2. Құрылғының астыңғы жағынан
полистирол төсемді алып
тастаңыз.
www.electrolux.com32
Page view 31
1 2 ... 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 ... 55 56

Comments to this Manuals

No comments