Electrolux EWC1350 User Manual Page 16

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 15
1. Қажет болса, машинаны тазалау
үшін жуғыш зат суырмасын тұтас
алып қоюға болады. Тежегіштен
шығару үшін қатты ұстап тұрып
тарту керек.
2. Суырманың ішіндегі түтікшені
тазалау үшін алғыңыз келсе, оны
ішке қарай басып тұрып, жоғары
көтеру керек. Ағып тұрған суға
шайып, жиналып қалған ұнтақ
жуғышты тазалаңыз. Орнына қойған
кезде, "сырт" еткен дыбыс
естілгенше төмен басыңыз.
ТАРТПАНЫҢ ҰЯСЫН ТАЗАЛАУ
Суырманы алғаннан кейін, оның ұясын
кішкене шөткемен тазалап, ұяның
астыңғы жəне үстіңгі жағынан жуғыш
ұнтақты кетіріңіз.
Суырманы орнына қойып, шаю
бағдарламасын барабанға ешбір кір
салмай орындаңыз.
СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІКТІҢ СҮЗГІСІН
ТАЗАЛАУ
Егер өте кермек немесе əк шөгінділері
бар суды пайдалансаңыз, су құятын
түтіктің сүзгісі бітеліп қалуы ммүкін.
Сондықтан да, уақытылы тазалап
отырған дұрыс.
Су құятын шүмекті жабыңыз. Су құятын
түтікті ағытыңыз. Сүзгіні қатты қылы бар
шөткемен тазалаңыз. Су құятын түтікті
қатайтыңыз.
МҰЗДАП ҚАЛУ ҚАУПІ
Машина 0°C градустан төмен
температурасы бар жерде тұрса, тиісті
сақтық шараларын орындау керек.
Сумен жабдықтауды тоқтатыңыз.
Су құятын түтікті шүмектен ағытып
алыңыз.
Жуу бағдарламасын таңдаңыз,
машинаны іске қосыңыз жəне
бағдарламаны шамалы уақыт қосып
қойыңыз.
Бағдарламаны кідірту үшін
бағдарламаны таңдау тетігін
қалпына қойыңыз.
Су құятын жəне төгетін түтіктердің
ұшын едендегі су жинағышқа
салыңыз. Түтіктің ұшының ақаба су
(ақаба) шүмегінің деңгейінен төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз.
16 electrolux
Page view 15
1 2 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments