Electrolux EWX147410W User Manual Page 16

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 80
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 15
7. ФУНКЦИЯЛАР
7.1 Бағдарлама түймешесі
Осы түймеше бағдарламаны таңдауға,
бағдарламаны бастапқы қалпына
келтіруге және/немесе құрылғыны
қосуға/сөндіруге көмектеседі.
Түймешені сағат тілінің бағытымен
немесе сағат тілінің бағытына қарсы
бұрауға болады.
Бағдарламаның соңында құрылғыны
сөндіру үшін түймешені
Қосу/Өшіру
қалпына бұраңыз.
7.2 Температура
Әдепкі жуу температурасын көбейту
немесе азайту үшін осы түймешікті
басыңыз.
Егер қалпына қойсаңыз, құрылғы
суық сумен жуады.
Орнатылған температураның
индикаторы жанады.
7.3 Айналдыру
Әдепкі айналдыру жылдамдығын
көбейту немесе азайту үшін немесе
қосымша айналдыру функцияларын
таңдау үшін осы түймешікті басыңыз.
Орнатылған жылдамдықтың
индикаторы жанады.
Қосымша айналдыру параметрлері:
АЙНАЛДЫРМАУ
Барлық айналдыру циклдарын алу
үшін осы параметрді орнатыңыз.
Бұны өте нәзік маталар үшін
орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю
циклы көп су пайдаланады.
ШАЮДЫ КІДІРТУ
Кір мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғанда
барабан ішінде су тұрады. Кір
мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу
алдында суды төгу керек.
Суды төгу үшін
"Бағдарламаның соңы"
тарауын қараңыз.
7.4 Қосымша шаю
Жуу бағдарламасына қосымша шаю
циклдарын қосу үшін осы түймешікті
басыңыз.
Бұл функцияны жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін және
суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
7.5 Кептіру уақыты
Маталарды кептіретін уақытты орнату
үшін осы түймешікті басыңыз.
Бейнебетте параметрдің орнатылған
мәні көрсетіледі.
Мақта мата үшін 10 - 250 минут
аралығындағы кептіру уақытын
таңдауға болады (сандық аумақта
4.10).
Синтетика мата үшін 10 - 130 минут
аралығындағы кептіру уақытын
таңдауға болады (сандық аумақта
2.10).
Түймешікті әр басқан сайын уақыт мәні
5 минутқа артып отырады.
Әр түрлі маталарға арнап
түрлі уақыттарды орнату
мүмкін емес.
7.6 Тоқтата тұру
Бағдарламаны 30 мин - 60 мин - 90
мин, 2 сағат, содан соң 1 сағаттан
қосып, ең көбі 20 сағатқа дейін
кешіктіру үшін осы түймешікті
басыңыз.
Түймешіктің индикаторы жанады.
Дисплейде таңдалған кешіктіру
параметрі көрсетіледі.
www.electrolux.com16
Page view 15
1 2 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ... 79 80

Comments to this Manuals

No comments