Electrolux EDP2074PDW User Manual Page 9

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 44
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 8
2. (A) және (D) функция түймешіктерін бала
қауіпсіздігі функциясының индикаторы
жанғанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
Бала қауіпсіздігі функциясын
бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
ажыратуға болады. Сол сенсорлық
түймешіктерді бала қауіпсіздігі
функциясының индикаторы сөнгенше
бірге басып ұстап тұрыңыз.
6.2 Судың кермектігі және
өткізгіштігі
Судың кермектігі әр жерде әр түрлі болады.
Судың кермектігі судың өткізгіштігіне және
құрылғының өткізгіштік сенсорының
жұмысына әсер етеді. Судың өткізгіштігінің
мәнін білсеңіз, кептіру нәтижелерін барынша
жақсарта түсу үшін сенсорды реттеуге
болады.
Өткізгіштік сенсорын реттеу
1. Кез келген бағдарламаны орнату үшін
бағдарлама тетігін қолданыңыз.
2. (A) және (B) сенсорлық түймешіктерін
келесі индикаторлардың бірі жанғанша
қатар басып ұстап тұрыңыз:
(төмен <300 µS/см)
(орташа 300-600 µS/см)
(жоғары >600 µS/см)
3. (E) сенсорлық түймешігін дұрыс деңгейдің
индикаторы жанғанша қайта-қайта
басыңыз.
4. Параметрдің өзгергенін растау үшін (A)
және (B) сенсорлық түймешіктерін
шамамен 2 секунд бірге басып ұстап
тұрыңыз.
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Құрылғыны ең алғаш рет пайдаланар
алдында
1. Құрылғының барабанын дымқыл
шүберекпен тазалаңыз.
2. Дымқыл кірлерді салып қысқа
бағдарламаны (мысалы, 30 минут)
бастаңыз.
7.1 Кешіктіріп бастау функциясы
жоқ бағдарламаны бастау
1. Кірді дайындап, құрылғыға салыңыз.
2. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және функцияларын
орнатыңыз.
Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы
көрсетіледі.
3. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) сенсорлық
түймешігін басыңыз, бағдарлама
басталады.
Сақтандыру туралы ескерту!
Есікті жапқан кезде құрылғының есігі
мен резеңке тығыздағышының
арасына кір қыстырылып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
7.2 Кешіктіріп бастау функциясы
бар бағдарламаны бастау
1. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және функцияларын
орнатыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін бейнебетте
қажетті кешіктіріп бастау уақыты пайда
болғанша қайта-қайта басыңыз.
Бағдарламаны ең кемі 30 минуттан
бастап, ең көбі 20 сағатқа дейін
кешіктіріп бастай аласыз.
3. Start/Pause (Бастау/Үзіліс) сенсорлық
түймешігін басыңыз, кері санақ
басталады. Бейнебетте кешіктіріп бастау
функциясының кері санағы көрінеді.
Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
басталады.
7.3 Бағдарламаны өзгерту
1.
Бағдарлама тетігін
OFF қалпына
қойыңыз
2. Бағдарламаны орнатыңыз.
7.4 Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде,
Үзік-үзік дыбыстық сигнал естіледі.
ҚАЗАҚ 9
Page view 8
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 ... 43 44

Comments to this Manuals

No comments