Electrolux EKG511111W User Manual Page 18

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 64
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 17
оның ысырмалары болмаса;
оны тартып не бұрап майыстыруға
болмаса;
ол өткір жиектер мен бұрыштарға
жанаспаса;
оның күйін тексеру үшін оны оңай
қарап шығу мүмкіндігі болса.
Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын
бақылау үшін төмендегілерді тексеру
керек:
екі ұшында және ұзына бойында
жарылған, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмауын;
материал қатқылданбаған, керісінше,
серпімділігі дұрыс болуын;
бекіткіш қапсырмаларды тот
баспағанын;
жарамдылық мерзімі өтіп кетпегенін.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы
байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ,
ауыстыру керек.
Өте маңызды! Орнату аяқталғаннан
кейін әр түтік фиттингінің жақсылап
бекітілгенін тексеріңіз. От емес, сабын
ерітіндісін пайдаланыңыз!
Газбен жабдықтау бағыттауышы
басқару панелінің артында орналасқан.
Назарыңызда болсын! Газды
жалғар алдында ашаны розеткадан
ағытыңыз немесе сақтандырғыш
қорапшасындағы сақтандырғышты
сөндіріңіз. Газбен жабдықтау
клапанын жабыңыз.
1 42325
1 Газ жүйесіне жалғанатын жер
(құрылғының тек бір жерін ғана газға
жалғауға болады)
2 Тығыздағыш
3 Реттемелі қосылым
4 Сұйылтылған газға арналған түтік
ұстатқыш
5 Табиғи газға арналған түтік ұстатқыш
Құрылғыға әдепкі газ параметрлері
орнатылған, параметрді өзгерту
үшін тізімнен түтік ұстатқышты
таңдаңыз. Әрқашан тығыздағышты
қолданыңыз
Инжекторларды ауыстыру
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3. 7-ші сомынкілттің көмегімен
инжекторларды алыңыз да, өзіңіз
қолданатын газ түріне арналған
инжекторлармен ауыстырыңыз.
4. Осы әрекеттерді кері тәртіпте
орындау арқылы бөлшектерді
құрастырыңыз.
5. Атаулы мәндер затбелгісін (ол газ
келетін түтіктің жанында) газбен
жабдықтаудың жаңа түрінің
затбелгісімен ауыстырыңыз. Бұл
затбелгіні сіз құрылғымен бірге
жеткізілетін инжекторлар орамынан
таба аласыз.
Егер газбен жабдықтау қысымы
өзгермелі немесе қажетті қысымнан
басқаша болса, газбен жабдықтау
түтігіне қолданылатын қысым өтпелігін
орнату қажет.
Ең кіші деңгейді реттеу
Оттықтардың ең төменгі деңгейін
реттеу үшін:
1. Оттықты жағыңыз.
2. Түймешені ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3. Басқару түймешесін қозғаңыз.
4. Бұрағыштың көмегімен айналма
бұранданы реттеп бұраңыз. Егер 20
мбар табиғи газды сұйылтылған
газға ауыстырсаңыз, айналма
бұранданы түгелдей қатайтып
бұраңыз. Егер сұйылтылған газды,
20 мбар табиғи газға ауыстырсаңыз,
айналма бұранданы шамамен 1/4
мөлшеріне босатыңыз.
18 electrolux
Page view 17
1 2 ... 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 ... 63 64

Comments to this Manuals

No comments