Electrolux ENN92803CW User Manual Page 12

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 44
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 11
A
B
Ауаның дұрыс айналуын
қамтамасыз ету үшін,
көкөніс салынатын
тартпаның бетіндегі шыны
сөрені алмаңыз.
5.4 Ылғалдылықты басқару
Шыны сөре көкөніс салынатын
сөре(лер)дің ылғалдылығын реттеуге
мүмкіндік беретін саңылаулары
(сырғыма тетіктің көмегімен
реттелетін) бар құралмен
жабдықталған.
Желдету саңылаулары жабық тұрған
кезде:
жеміс пен көкөніс тартпасына
салынған тағамның құрамындағы
табиғи ылғалдылық ұзағырақ
сақталады.
Желдету саңылаулары ашық тұрған
кезде:
ауа көбірек айналып тұрса, жеміс пен
көкөніс салынатын бөліктердегі
ауаның ылғалдылығы төменірек
болады.
5.5 Мұздатылған тағамды
мұздату және сақтау
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске қосқан
кезде, тағамды камераға салмай
тұрып, құрылғыны кем дегенде 2
сағатқа, FastFreeze функциясына
қойып іске қосыңыз.
Жаңа піскен тағамды мұздатуға
ортаңғы бөлік арналған.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үдерісі 24 сағатқа созылады,
осы уақытта басқа мұздатылатын
тағамды қосып салмаңыз.
Тағам кенет жібіп кетсе,
мысалы, электр қуатының
ажырауына байланысты,
электр қуаты
"температураның көтерілу"
уақыты кестесінде
көрсетілген уақыттан ұзақ
уақыт сөнсе, жібітілген
тағамды дереу пайдалану
керек немесе пісіріп, содан
кейін қайта мұздату керек
(пісіргеннен кейін).
5.6 Жібіту
Қатты мұздатылған немесе
мұздатылған тағамды пайдалану
алдында егер уақыт бар болса,
тоңазытқыш бөлікке салып немесе
бөлме температурасында жібіту керек.
Кішкене тағамдарды мұздатқыштан
алған бетте тура пісіре беруге болады.
бұндай жағдайда пісіру ұзаққа
созылады.
www.electrolux.com12
Page view 11
1 2 ... 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 ... 43 44

Comments to this Manuals

No comments