Electrolux EOB68200X Recipe Book Page 20

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 19
Дайындау әдісі:
Кептірілген нәлім балықты түні бойы суға
салып қойыңыз. Келесі күні кептірілген
нәлімді сорғытып, таза су құйылған
кәстрөлге салыңыз да, отқа қойып,
қайнатыңыз. Содан кейін оттан алып,
суытыңыз.
Табаға зәйтүн майын құйып,
қыздырыңыз. Пияздың қабығын аршып,
жұқалап тураңыз, аршылған сарымсақ
түйірлерін жаншып, қияқты пиязды
турап, жуыңыз. Барлығын ыстық майға
салып, сәл ғана бұқтырыңыз. Бұрыштың
өзегін алып тастап, жіңішкелеп тураңыз.
Содан кейін туралған қызанағы бар
табаға салыңыз.
Ақ шарап пен балық сорпасын құйыңыз
да, шамалы уақыт баяу қайнатыңыз.
Бұрыш, тұз, тасшөп пен орегано қосып
дәмдеңіз де, табада тағы да 15 минут
баяу қайнатыңыз.
Суыған нәлім балықты кәстрөлден алып,
майлық қағазбен құрғатыңыз. Терісін,
сүйегі мен желбезектерінің бәрі алып
тастаңыз. Балықты жаныштап, көкөніс
араластырыңыз да, ыстыққа төзімді
табаға салыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 30 минут
Пеш деңгейі: 1
Fish in Salt
Құрамы:
тұтас балық еті, шамамен 1,5-2 кг
2 балауыз жағылмаған лимон
1 бас аскөк
4 балғын тасшөп сабағы
3 кг тас тұзы
Дайындау әдісі:
Балықты тазалап, балауыз жағылмаған
екі лимонның шырынын жағыңыз.
Аскөкті ұсақтап тураңыз да, хош иісті
тасшөп сабағымен қосып балықтың
ішіне салыңыз.
Тас тұзының жартысын тағам пісірілетін
ыдысқа салыңыз да, үстіне балықты
қойыңыз. Тас тұзының қалған жартысын
балықтың үстіне сеуіп, үстінен нығыздап
басыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 55 минут
Пеш деңгейі: 1
Stuffed Calamari
Құрамы:
1 кг тазартылған орташа кальмар
1 ірі пияз
2 ас қасық зәйтүн майы
90 г ұзын дәнді күріш
4 ас қасық самырсын жаңғағы
4 ас қасық қарақат (мейіз)
2 ас қасық туралған ақжелкен
•тұз, бұрыш
лимон шырыны
4 ас қасық зәйтүн майы
150 мл шарап
500 мл қызанақ шырыны
Дайындау әдісі:
Кальмарды тұзбен қатты ысқылаңыз,
содан кейін ағын суға жуыңыз.
Пияздың қабығын аршып, ұсақтап
тураңыз да, екі ас қасық зәйтүн майын
қосып, түсі бозарғанша қуырыңыз. Ұзын
дәнді күрішті, самырсын жаңғағын,
қарақат пен туралған ақжелкенді пияз,
тұз, бұрыш пен лимон шырынына қосып,
дәмдеңіз. Кальмардың ішіне қоспаны
аса нығыздамай салыңыз да, саңылауды
тігіңіз.
Табаға төрт ас қасық зәйтүн майын
құйып, кальмарды қыздырғыш дискіге
шыжғыра қуырыңыз. Шарап пен қызанақ
шырынын құйыңыз.
Табаның қақпағын жабыңыз да,
тұмшапештің ішіне қойыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 60 минут
–Пеш деңгейі: 1
Steamed Fish
Құрамы:
400 г картоп
2 байлам көк пияз
2 түйір сарымсақ
1 шағын қалбырдағы туралған қызанақ
4 албырт балықтың қоң еті
лимон шырыны
тұз бен бұрыш
75 мл көкөніс сорпасы
50 мл ақ шарап
1 балғын розмарин сабағы
150 мл шарап
1/2 байлам балғын тасшөп
Дайындау әдісі:
Картопты жуып, қабығын аршыңыз да,
төртке бөліңіз, тұз қосылған суға 25
минут қайнатыңыз, содан кейін
сорғытып, жұқалап тураңыз.
Көк пиязды жуып, ұсақтап тураңыз.
Сарымсақтың қабығын аршыңыз да,
ұсақтап тураңыз. Көк пияз бен
20 electrolux
Page view 19
1 2 ... 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 ... 35 36

Comments to this Manuals

No comments