Electrolux EOB93311AX User Manual Page 26

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 25
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
11.1 Тазалауға қатысты
ескерім
Пештің алдыңғы жағын жұмсақ жуғыш
зат қосылған жылы суға батырылған
жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Металл беттерін тазалау үшін арнайы
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Тұмшапешті пайдаланып болған
сайын ішкі жағын тазалаңыз. Май
жиналғанда немесе басқа тағам
қалдығы жиналса, өрт шығуы мүмкін.
Гриль табағында бұндай қауіп одан да
күшті.
Керек-жарақтарды әр қолданып болған
сайын тазалап, құрғатып отырыңыз.
Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты
пайдаланыңыз. Керек-жарақтарды
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Зат жабыспайтын қаптаманы
бүлдіруі мүмкін.
Тұмшапештің ішіне немесе есігінің
шыны панельдеріне ылғал тұруы
мүмкін. Конденсатты азайту үшін
тұмшапешті тағам пісіру алдында 10
минутқа қосыңыз.Тұмшапешті
пайдаланып болған сайын ішіндегі
ылғалды тазалаңыз.
11.2 Тот баспайтын болаттан
не алюминийден жасалған
тұмшапештер
Тұмшапештің есігін дымқыл
шүберекпен немесе жөкемен ғана
тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе түрпілі
материалдарды қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар тұмшапештің бетіне
нұқсан келтіруі мүмкін. Тұмшапештің
басқару панелін де осындай сақтық
шараларды орындап тазалаңыз.
11.3 Есіктің тығыздағышын
тазалау
Есіктің тығыздағышын уақытылы
тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапеш жақтауының айналасында
орналасқан. Есіктің тығыздағышына
нұқсан келсе, тұмшапешті
пайдаланбаңыз. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жапы ақпаратты
қараңыз.
11.4 Сөре сырғытпалары
Тұмшапешті тазалау үшін сөре
сырғытпалары алыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Сөре сырғытпаларын
алған кезде абай болыңыз.
1. Сөре сырғытпасының алдыңғы
жағын қабырғадан тартып
шығарыңыз.
2. Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
2
1
www.electrolux.com26
Page view 25
1 2 ... 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 ... 35 36

Comments to this Manuals

No comments