Electrolux EOC96851AX User Manual Page 17

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 56
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 16
6.13 Қуат үнемдеу
Құрылғының күнделікті
тамақ пісіру кезінде қуат
үнемдеуге көмектесетін
мүмкіндіктері бар.
Жалпылама кеңес
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда
тұмшапеш есігінің жабық тұрғанына
көз жеткізіңіз және тағам пісіріп
жатқанда есікті мүмкіндігінше ашпауға
тырысыңыз.
Қуатты үнемдеуді жақсарту үшін темір
ыдыстарды пайдаланыңыз.
Егер мүмкін болса, тағамды салмай
тұрып пешті алдын ала қыздырмаңыз.
Пісіретін уақыт 30 минуттан көп
болғанда, пісіру уақыты аяқталмай
тұрып, пісіру уақытының ұзақтығына
байланысты пеш температурасын 3-10
минутқа азайтыңыз. Тұмшапештің
ішіндегі қалдық қызу тағам пісіруді
жалғастыра береді.
Басқа тағамдарды жылыту үшін
қалдық қызуды пайдаланыңыз.
Желдеткішпен пісіру
Егер мүмкін болса, қуатты үнемдеу
үшін желдеткіші бар пісіру
функцияларын пайдаланыңыз.
Қалдық қызу
Ұзақтық немесе Аяқтау уақыты
опциясы таңдалған бағдарлама
қосылса және пісіру уақыты 30
минуттан асса, кейбір функцияларда
қыздыру элементтері 10%
жылдамырақ сөнеді.
Желдеткіш пен шам жұмыс істеуін
жалғастыра береді.
Тағамды жылы ұстау
Қалдық қызуды таңдап, тағамды жылы
ұстау үшін ең төменгі ықтимал
температураны таңдаңыз. Дисплейде
қалдық қызу индикаторы немесе
температурасы көрсетіледі.
Шамды сөндіріп пісіру
Пісіру кезінде шамды сөндіріңіз және
тек қажет болса ғана қосыңыз.
Влажный горячий воздух
Тағам пісіру барысында қуатты
үнемдеуге арналған функция. Бұл
жұмыс істеген кезде, пісіру циклы
барысында пештің ішіндегі
температура дисплейде көрсетілген
температурадан басқа болуы мүмкін
және пісіру уақыттары басқа
бағдарламалардағы пісіру
уақыттарынан басқа болуы мүмкін.
Влажный горячий воздух пайдаланған
кезде шам 30 секундтан кейін
автоматты түрде сөнеді.
Шамды қайта жағуға болады, бірақ бұл
әрекет күтілген қуат үнемдеу мөлшерін
төмендетеді.
7. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
7.1 Сағат функцияларының кестесі
Сағат функциясы Қолдану
Минут операторы Кері санақты (ең көбі 2 сағат 30 минут)
орнатуға арналған. Бұл функция
құрылғының жұмысына әсер етпейді.
Функцияны іске қосу үшін түймешігін
қолданыңыз. Минутты орнату үшін
немесе , бастау үшін түймешігін
басыңыз.
Ұзақтық Жұмыстың ұзақтығын орнатуға
арналған (ең көбі 23 сағ. 59 мин).
ҚАЗАҚ 17
Page view 16
1 2 ... 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 ... 55 56

Comments to this Manuals

No comments