Electrolux EOG91402AX User Manual Page 10

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 52
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 9
2. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
Температура шамы / индикаторы
жанады.
Тұмшапеш шамамен 5 секунд ішінде
жағу циклын бастайды.
Жағу циклы 12 - 16 секунд
жарқыл шығарудан
тұрады. Бұны кемінде төрт
рет орындау керек.
Егер жанбай қалса, шамамен 40 - 45
секунд күткеннен кейін "Газдың
бітелгенін хабарлау индикаторы"
жанады да, берілетін газдың ағымы
тоқтайды. Қайта жағып көріңіз, пеш
функцияларының тетігі мен
температура тетігін Сөндіру қалпына
бұраңыз да, бір минут күтіп, содан
кейін жоғарыда көрсетілген әрекетті
қайталаңыз.
Газ пеші жұмыс істеп
тұрғанда тоқ сөніп қалса,
тұмшапеш сөнеді де, газ
берілімі тоқтайды. Тоқ
қайта келген кезде,
құрылғыны қайта
пайдалану алдында сағат
функцияларын қайта
орнатыңыз.
Тұмшапеш табанының
алдыңғы жағында
орналасқан саңылаулар
арқылы жалынды көруге
болады. Температура
индикаторы сөнген кезде
оттық та сөнеді.
Тұмшапешті жұмыс істеп
тұрған кезде сөндіріп,
дереу қайта қоссаңыз,
қайта жану алдында ең
көбі 60 секунд күту
режимінде тұрады және
бұл қалыпты жағдай болып
табылады.
5.7 Гриль жасау
1. Электр грилін ғана іске қосу үшін
тұмшапеш функцияларының тетігін
қалпына қойып, ең жоғары
температураға қойыңыз.
2. Электр грилін бұрылмалы істікпен
бірге іске қосу үшін тұмшапеш
функцияларының тетігін
қалпына қойып, ең жоғары
температураны орнатыңыз.
3. Гриль мен шұңғыл науаның
сырғытпасының деңгейін
қалыңдығы әр түрлі тағамға
лайықтап реттеңіз.
Тағамды жылдам пісіру үшін үстіңгі
қыздырғыш элементке жақын және
баппен пісіру үшін одан алыс
қойыңыз.
Ауа барынша жақсы ауысу үшін
және тағамды майы мен сөлінен
бөлу үшін тағамның көбін шұңғыл
науаға салып, оны тор сөреге қою
керек. Егер қаласаңыз, балық,
бауыр және бүйрек тәрізді
тағамдарды шұңғыл науаға тура
салуға болады.
Тағамның май-сөлі шашырамас
үшін тағамды қақтамас бұрын
мұқият кептіру керек. Пісіру
барысында кебір болып кетпес үшін
майсыз еттер мен балыққа шамалы
өсімдік майын немесе сары май
жағыңыз.
Етті қақтаған кезде қызанақ және
саңырауқұлақ тәрізді
қосымшаларды тордың астына
салуға болады.
Нанды қыздырған кезде үстіңгі
сырғытпаны пайдалану керек.
Тағамды пісіру барысында
қажетінше аударып отыру керек.
www.electrolux.com10
Page view 9
1 2 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 ... 51 52

Comments to this Manuals

No comments