Electrolux EOK76030X User Manual Page 55

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 64
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 54
Осы құрылғыға қатысты жөндеу
жұмыстарын қызмет көрсету
рұқсатына ие мамандар ғана жүзеге
асыруға тиіс. Дұрыс жүзеге
асырылмаған жөндеу жұмыстары
елеулі ақаулықтарға әкеліп
соқтыруы мүмкін.
Пеш дұрыс пайдаланылмаған
жағдайда, қызмет көрсету
орталығының қызметкері не дилер
пештің кепілдік мерзімі аяқталмаса
да тегін қызмет көрсетпейді.
Алдыңғы жағы металдан жасалған
құрылғыларға қатысты ақпарат:
Құрылғының алдыңғы жағының
салқын тұратындығына байланысты
есікті ашқан соң не пісіру мен қуыру
кезінде не бұл жұмыстарды
аяқтағаннан кейін есік терезесінің
ішкі жағы сәл буланып тұруы мүмкін.
Орнату
Жаңа құрылғыны тек уәкілетті маман
ғана орнатып және желіге қосуға
тиіс. Бұл нұсқауды орындаңыз. Бұл
нұсқау орындалмаған жағдайда
орын алған ақаулықтар кепілдік
шартына кірмейді.
Қауіп-қатер орын алып не адам
жарақаттанып қалмас үшін бүлінген
кабельді тек қызмет көрсету
орталығының маманы не уәкілетті
маман ауыстыруға тиіс.
Орнатушыға арналған
қауіпсіздік туралы ақпарат
Құрылғының электр құрамдас
бөлігі оны электр желісінен ең кем
дегенде 3мм бір полюсті контакт
аралық қашықтық арқылы
ажыратуға мүмкіндік беретін
құралмен жабдықталған.
Жарамды сақтандырғыш
құралдар қатарына мысалы,
төмен қуатты (LS) ажыратқыштар,
сақтандырғыштар (бұрамалы
сақтандырғыштарды контакт
ұяшығынан алу керек), қалдық ток
ажыратқышы мен контакт
құралдары жатады.
Құрылғыны қоятын жерде оны
электр желісіне жалғауға жарамды
әрі қол жетер жерде орналасқан
розетка бар болуға тиіс.
Құрылғыны электр желісінің
қатерінен сақтандырып орнату
қажет.
Кірістіре орнатылған құрылғы
DIN68930 қауіпсіздік ережелеріне
сай келу керек.
Орнату electrolux 55
Page view 54
1 2 ... 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 ... 63 64

Comments to this Manuals

No comments