Electrolux ERW3313AOX User Manual Page 43

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 56
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 42
3.2 Шараптарды реттеу
Үстіңгі бөлік:
Температураны +6 және + 11°C аралығына
қойып реттеуге болады. Бұл бөлік шарап
сақтауға, әсіресе дереу ішуге арналған қызыл
және ақ шараптарды сақтауға тамаша
жарайды. Әр түрлі температуралы жұмыс
бөліктері.
Астыңғы бөлік:
Температураны + 11 және + 18°C аралығына
қоюға болады. Бұл бөлік қызыл және ақ
шараптарды ұзақ уақыт сақтауға және
жақсарта түсуге арналған.
Бұл бөліктің температурасы ұзақ сақталған
шараптар мен толық шараптарды сақтауға
жарайды.
Шөлмектерді тығындары кеуіп қалмайтындай
етіп жатқызыңыз.
Шарапты қараңғы жерде ұстаңыз.
Тоңазытқышты жақсы жарықтандырылған
жерге қойған кезде, шараптарды жарық
сәулесінің әсерінен, ультракүлгін сәуледен
қорғау үшін есік екі қабат шыныдан жасалған.
Құрылғының шамын тым жиі немесе өте ұзақ
қосып қоймаңыз. Шарап қараңғы жерде жақсы
сақталады.
Шөлмектердің ішіндегі шарабын шайқамай,
абайлап ұстаңыз.
Шарапты сатып алған кезде берілген кеңес
немесе техникалық құжатта көрсетілген
шараптың сапасына, сақталу мерзімінің
ұзақтығына және ең оңтайлы сақтау
температурасы туралы нұсқауларды
орындаңыз.
3.3 Сақтауға қатысты кеңес
Шараптың сақтау уақыты оның жасына,
жүзімнің түріне, құрамындағы спирттің,
фруктоза мен танин мөлшеріне байланысты.
Сатып алған кезде, шараптың ұзақ
сақталғанын немесе уақыт өте келе
жақсаратын шарап екенін тексеріңіз.
Ұсынылатын сақтау температуралары:
Шампан және газды шараптарды 6 және
8°C градус аралығыңда сақтау керек.
Ақ шараптарды 10 және 12°C градус
аралығыңда сақтау керек.
Күлгін және ашық қызыл шараптарды 12
және 16°C градус аралығыңда сақтау
керек.
Ұзақ сақталған қызыл шараптарды 14 -16°C
градус аралығыңда сақтау керек.
Әр түрлі шөлмектерді бірінің үстіне бірін
қойған кезде, олардың тоңазытқыштың
салқындатқыш табағына тиіп тұрмағандығын
тексеріңіз.
ҚАЗАҚ 43
Page view 42
1 2 ... 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 ... 55 56

Comments to this Manuals

No comments