Electrolux ESF9450LOW User Manual Page 13

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 12
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың ағымдық
деңгейінің сумен жабдықтау
жүйесіндегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз.
Егер сай келмесе, су
жұмсартқыштың деңгейін
реттеңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғының ішінде өндіру
барысында қалуы мүмкін қалдық
заттарды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
затты қолданбаңыз және
себеттерді толтырмаңыз.
Бағдарламаны бастаған кезде, су
жұмсартқыштың ішіндегі шайырды
қайта толтыру үшін шамамен 5 минут
уақыт кетеді. Құрылғы жұмыс істемей
тұрған тәрізді көрінуі мүмкін. Жуу
циклы осы үдеріс аяқталғаннан кейін
ғана басталады. Бұл әрекет ара-тұра
қайталанып тұрады.
8.1 Тұз сауыты
АБАЙЛАҢЫЗ
Ыдыс жуғыш машиналарға
арналған арнайы тұздарды
ғана пайдаланыңыз.
Тұз су жұмсартқыштың ішіндегі
шайырды толтыру үшін және
күнделікті жуу нәтижесін
қанағаттанарлық ету үшін
қолданылады.
Тұз сауытын қалай толтыру
керек
1. Тұз сауытының қақпағын сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап
алыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз
(ең алғаш қолданғанда ғана).
3. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
5. Тұз сауытын жабу үшін тұз
сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тұз сауытын толтырған
кезде одан су және тұз
ағады. Тұз сауытын
толтырғаннан кейін тот
басуға жол бермеу үшін
бағдарламаны дереу
бастаңыз.
8.2 Шайғыш зат үлестіргішін
толтыру
A
B
D
C
ҚАЗАҚ 13
Page view 12
1 2 ... 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments