Electrolux ESI47020X User Manual Page 16

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 72
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 15
Қалыпты жуғыш затты қайта
пайдалану үшін:
1. Multitab функциясын
ажыратыңыз.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат
үлестіргішін толтырыңыз.
3. Су кермектігі параметрін ең
жоғарғы деңгейге қойыңыз.
4. Жуу бағдарламасын еш ыдыссыз
орындаңыз.
5. Су жұмсартқыштың деңгейін
өзіңіз тұратын жердегі судың
кермектігіне лайықтаңыз.
6. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін
белгілеңіз.
Жуу программасын таңдау және бастау
Өте маңызды! Параметрлерді жуу
бағдарламасын бастамай тұрып
орнатыңыз. Жуу бағдарламасы
орындалып тұрған кезде параметрді
орната алмайсыз. Параметрді міндетті
түрде орнату қажет болса, жуу
бағдарламасын біржола тоқтатыңыз.
Жуу бағдарламасын есікті
ашыңқырап қойып орнатыңыз. Жуу
бағдарламасы тек есік жабылған соң
ғана басталады. Осыған дейін
параметрлерді өзгертуіңізге
болады.
Жуу бағдарламасын орнатып, бастау
үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанын тексеріңіз.
3. Жуу бағдарламасын таңдаңыз. 'Жуу
бағдарламалары' тарауын қараңыз.
–Тиісті анықтағыш шам жанады.
Басқа бағдарламалардың
барлығының шамдары өшеді.
Сандық бейнебетте бағдарлама
ұзақтығы жыпылықтап көрсетіледі.
4. Есікті жабыңыз. Жуу бағдарламасы
автоматты түрде басталады.
Жуу бағдарламасы мен кешіктіріп
бастау функциясын, құрылғының
есігін жауып тұрып таңдауға да
болады. Бағдарлама түймешігін
басқан соң, басқа жуу
бағдарламасын не кешіктіріп бастау
функциясын таңдауға тек 3 секунд
ғана уақытыңыз бар. 3 секундтан
кейін таңдалған бағдарлама
автоматты түрде басталады.
Жуу бағдарламасы орындалып
тұрған кезде бағдарламаны өзгерте
алмайсыз. Жуу бағдарламасын
біржола тоқтатыңыз.
Назарыңызда болсын! Жуу
бағдарламасын тек қажет жағдайда
ғана үзіңіз не біржола тоқтатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Есікті
абайлап ашыңыз. Ыстық бу шығып
кетуі мүмкін.
Жуу бағдарламасын үзу
Есікті ашыңыз.
Бағдарлама тоқтайды.
Есікті жабыңыз.
Бағдарлама үзілген жерінен бастап
жалғасады.
Жуу бағдарламасын біржола тоқтату
1. Болдырмау түймешігін барлық
бағдарлама шамдары жанғанша
қатар басып ұстап тұрыңыз.
2. Болдырмау түймешігін босатыңыз.
Осы кезде мына қадамдарды орындауға
болады:
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Жаңа жуу бағдарламасын
орнатыңыз.
Жаңа жуу бағдарламасын орнатпай
тұрып жуғыш зат үлестіргішке жуғыш
заттан салыңыз.
Бағдарламаға кешіктіріп бастау
функциясын қосып орнату және бастау
1. Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз.
2. Жуу бағдарламасын орнатыңыз.
3. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте жуу бағдарламасының
қанша сағатқа кешігіп
басталатындығы жыпылықтап
көрінгенше басыңыз.
Тиісті анықтағыш шам жанады.
4. Есікті жабыңыз.
16 electrolux
Page view 15
1 2 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ... 71 72

Comments to this Manuals

No comments