Electrolux ESI65010X User Manual Page 23

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 44
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 22
Жуу бағдарламасын таңдау және қосу
Жуу бағдарламасын және бастауды
кідірту функциясын бұйымның есігі
сәл ашылыңқырап тұрғанда
таңдаңыз. Бағдарлама немесе
"бастауды кідірту" функциясының
кері санағы есік жабылғаннан кейін
ғана басталады. Осы мезетке дейін
орнатылған параметрлерді өзгертіп
үлгере аласыз
1. Кәрзеңкелердің дұрыс
толтырылғандығын тексеріп,
бүріккіштердің еркін айналуына
ешнәрсенің кедергі жасап тұрған
жоқтығына көз жеткізіңіз.
2. Су құбырының шүмегінің ашық
тұрғандығына көз жеткізіңіз.
3. Қосу/Өшіру түймесін басыңыз.
Ыдыс-аяқ жуғыш машина
параметрлерді орнату күйінде
тұруы керек.
4. Қажетті бағдарламаға сәйкес
келетін түймені басыңыз ("Жуу
бағдарламалары" суретін
көріңіз).
Бағдарлама таңдалған кезде,
соған сәйкес келер шам жанады.
Сандық дисплейден 3 көлденең
сызық көрсетіледі.
Орындалып тұрған бағдарлама
анықтағыш шамы жанып тұрады.
Есікті жабыңыз, бағдарлама
автоматты түрде басталады.
Орындалып тұрған бағдарлама
анықтағыш шамы жанған күйінде
тұра береді.
Сандық дисплейден 1 көлденең
сызық көрсетіліп,осы қалыпта
жуу бағдарламасының соңына
дейін көрсетілумен болады.
"Бастауды кідірту"
функциясын орнату және қосу
1. Жуу бағдарламасы
таңдалғаннан кейін, сандық
дисплейден бағдарламаны
кешеуілдету уақытының сандық
мәні жанып-сөніп көрсетілгенге
дейін "бастауды кідірту" түймесін
басып тұрыңыз. Таңдалған
бағдарламаның басталуын 1-ден
9 сағатқа дейін кідіртуге болады.
2. Машинаның есігін жабыңыз, кері
санақ автоматты түрде
басталады. Сандық дисплейдегі
уақыт мәні жанып-сөнуін
тоқтатып, енді тұрақты көрсетіліп
тұрады.
3. Кері санақ 1 сағат шамасына
кеміп отырады.
4. Есікті ашсаңыз, кері санақ
тоқтайды. Есікті жабыңыз; кері
санақ тоқтаған жерінен әрі қарай
жалғасады.
5. Кері санақ аяқталған кейін,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Жуу бағдарламасын таңдау және қосу electrolux 23
Page view 22
1 2 ... 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 ... 43 44

Comments to this Manuals

No comments