Electrolux ESL97540RO User Manual Page 14

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 84
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 13
XtraDry опциясын қосқанда,
TimeManager опциясы сөнеді.
Қалай қосу керек XtraDry
түймешігін басыңыз. Тиісті
индикатор жанады.
Егер опция бағдарламамен үйлесімді
болмаса, тиісті индикатор жанбайды
не бірнеше секунд жылдам
жыпылықтап, содан кейін сөнеді.
Дисплейде жаңартылған бағдарлама
уақыты көрсетіледі.
7.2 TimeManager
TimeManager - таңдалған
бағдарламаның уақытын қысқартуға
мүмкіндік береді.
Бағдарламаның жалпы уақыты
шамамен 50% пайызға азаяды.
Жуу нәтижесі қалыпты уақыты бар
бағдарламаны пайдаланғанмен
бірдей. Кептіру нәтижелері төмендеуі
мүмкін.
Бұл функция судың қысымы мен
температурасын көбейтеді. Жуу және
кептіру циклдары қысқарақ болады.
Әдетте TimeManager сөніп тұрады,
бірақ оны қолдан қосуға болады. Бұл
опцияны XtraDry функциясымен қатар
пайдалануға болмайды.
Қалай қосу керек
TimeManager
түймешігін басыңыз, тиісті
индикатор жанады.
Егер бағдарламада қандай да бір
функция жоқ болса, тиісті индикатор
жанбайды немесе бірнеше секунд
жылдам жыпылықтап барып сөніп
қалады.
Дисплейде бағдарламаның жаңарған
уақыты көрсетіледі.
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
1. Су жұмсартқыштың ағымдық
деңгейінің сумен жабдықтау
жүйесіндегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз.
Олай болмаса, су
жұмсартқыштың деңгейін
реттеңіз.
2. Су сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғының ішінде өндіру
барысында қалуы мүмкін қалдық
заттарды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
затты қолданбаңыз және
себеттерді толтырмаңыз.
Бағдарламаны бастаған соң, су
жұмсартқыштың ішіндегі шайырды
қайта толтыру үшін шамамен 5 минут
уақыт кетеді. Құрылғы жұмыс істемей
тұрған тәрізді көрінуі мүмкін. Жуу
циклы осы үдеріс аяқталғаннан кейін
ғана басталады. Процедура ара-тұра
қайталанып отырады.
8.1 Тұз сауыты
АБАЙЛАҢЫЗ
Ыдыс жуғыш машиналарға
арналған арнайы тұздарды
ғана пайдаланыңыз.
Тұз су жұмсартқыштың ішіндегі
шайырды толтыру үшін және
күнделікті жуу нәтижесін
қанағаттанарлық ету үшін
қолданылады.
Тұз сауытын қалай толтыру
керек
Ыңғайлы көтеру бос және
көтеріліп тұрғанына көз
жеткізіңіз.
1. Тұз сауытының қақпағын сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап
алыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз
(ең алғаш қолданғанда ғана).
www.electrolux.com14
Page view 13
1 2 ... 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 ... 83 84

Comments to this Manuals

No comments