Electrolux EW6F4R28WU User Manual Page 25

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 40
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 24
Кірдің затбелгісіндегі жуу
нұсқауларын орындаңыз.
Ақ киім мен түрлі-түсті заттарды
бірге жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш
жуғанда бояуы шығуы мүмкін.
Оларды алғашқы бірнеше рет бөлек
жууға кеңес береміз.
Жастық қаптарының түймесін
салып, тартпаларды тартып жауып,
ілгектер мен батырма
түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатыңыз және
жазыңыз.
Көп қабатты маталарды, жүн
матадан және сурет салынған
киімдердің астарын сыртына
аударыңыз.
Қатты дақтарды алдын ала
тазалаңыз.
Қатты дақтарды арнайы жуғыш
затпен жуыңыз.
Перделерді абайлаңыз. Ілгектерін
алыңыз да, перделерді кір жуатын
торға немесе жастықтың тысына
салыңыз.
Көмкерілмеген немесе кесілген
жерлері бар заттарды құрылғыда
жумаңыз.
Кішкене заттарды жуу үшін
(мысалы, сым өткізілген төс
тартқыш, белдіктер, колготкилер,
т.с.с.) кір жууға арналған торды
пайдаланыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру
циклі кезінде теңгерімді сақтауға
қатысты мәселе орын алып, діріл
пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда:
a. бағдарламаны кідіртіп, есікті
ашыңыз ("Күнделікті
пайдалану" тарауын қараңыз);
b. кірді барабанға біркелкі тарату
үшін қолмен таратып салыңыз;
c. Старт/Пауза түймесін басыңыз.
Айналдыру циклы жалғасады.
11.2 Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен
жуғыш зат жеткіліксіз болады.
Бұл дақтарды кірді құрылғыға салмай
тұрып алдын ала тазалауды
ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар
болады. Дақ пен матаның түріне сай
келетін арнайы дақ кетіргішті
қолданыңыз.
11.3 Жуғыш заттар және
басқа күтім көрсету жолдары
Кір жуғыш машиналарға арналған
жуғыш заттар мен үстемелерді ғана
қолданыңыз:
нәзік матадан басқа матаның
барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар. Ақ киімдер мен
кірді зарарсыздандыру үшін
ағартқышы бар ұнтақ
жуғыштарды пайдаланыңыз
матаның барлық түрлеріне не
тек жүн матаға арналған, төмен
температурада жуатын
бағдарламаларға (макс. 60 °C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Әр түрлі жуғыш заттарды
араластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу
үшін жуғыш затты қажетті
мөлшерден артық пайдаланбаңыз.
Жуғыш заттар мен басқа
үстемелердің орамындағы
нұсқауларды орындаңыз және макс.
( ) деңгейінен асырмай
пайдаланыңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен
кірдің ластығына сай келетін жуғыш
құралдарды қолданыңыз.
11.4 Қоршаған ортаға
қатысты ескерім
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала
жуу циклі жоқ бағдарламаны
қолданып жуыңыз.
Жуу бағдарламасын әрқашан кірді
ең көп рұқсат етілетін мөлшерде
салғаннан кейін бастаңыз.
Дақты алдын ала тазалағанда не
дақ кетіргішті пайдаланғанда, төмен
температуралы бағдарламаны
орнатыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде
қолдану үшін, жергілікті су
жүйесіндегі судың кермектігін
тексеріңіз. "Судың кермектігі"
тарауын қараңыз.
ҚАЗАҚ 25
Page view 24
1 2 ... 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 ... 39 40

Comments to this Manuals

No comments