Electrolux EW6S3R06S User Manual Page 33

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 84
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 32
13.9 Суды тосын жағдайда
төгу
Құрылғы суды төге алмаса, "Су төгетін
сорғыны тазалау" тармағында
көрсетілген процедураны орындаңыз.
Қажет болса, сорғыны тазалаңыз.
Суды төтенше жағдайда төгетін
тәсілмен төккеннен кейін, су төгетін
жүйені міндетті түрде қайта іске қосу
керек:
1. Жуғыш зат үлестіргіштің негізгі жуу
циклына арналған бөлігіне 2 литр
су құйыңыз.
2. Суды төге бастау үшін
бағдарламаны бастаңыз.
13.10 Мұздап кетуден сақтау
Құрылғы температурасы 0° C градус
не бұдан төмен түсетін жерге
орнатылса, су құятын түтіктегі және су
төгетін сорғыдағы қалдық суды төгіңіз.
1. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
3. Су құятын түтіктің екі ұшын ыдысқа
салып, түтіктегі суды ағызыңыз.
4. Су төгетін сорғыны босатыңыз.
Суды төтенше жағдайда төгу
қадамдарын қараңыз.
5. Су төгетін сорғы босаған кезде, су
құятын түтікті қайта орнына
қойыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны қайта іске
қолданар алдында
температураның 0°C
градустан жоғары екеніне
көз жеткізіңіз.
Төмен температураға
байланысты орын алған
ақауларға өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
14. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
14.1 Кіріспе
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап
қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз (кестеге қараңыз). Ақаулық жойылмаса,
уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Кез келген тексеру жұмыстары алдында құрылғыны сөндіріңіз.
Елеулі ақау пайда болғанда, дыбыстық сигналдар естіледі және дисплейде
ескерту коды көрініп, Старт/Пауза түймесі үздіксіз жыпылықтауы
мүмкін:
- Электр желісі тұрақты емес. Электр желісі тұрақтанғанша күтіңіз.
"Жабдықтау желісінде мәселе бар" тарауын қараңыз.
- Құрылғының электронды элементтерінің арасында байланыс жоқ.
Сөндіріңіз де, қайта қосыңыз. Бағдарлама дұрыс аяқталмаған не құрылғы
уақытынан бұрын тоқтаған. Ескерту коды қайта пайда болса, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Құрылғыға су дұрыс құйылмай тұр.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
ҚАЗАҚ 33
Page view 32
1 2 ... 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 ... 83 84

Comments to this Manuals

No comments