Electrolux EWW167580W User Manual Page 56

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 68
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 55
СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІКШЕДЕГІ СҮЗГІЛЕРДІ
ТАЗАЛАУ
Машинаға су құюға ұзақ уақыт кетіп
жатқанын байқасаңыз, су құятын
түтікшедегі сүзгінің бітелген-
бітелмегенін тексеріп алыңыз.
1. Су құятын шүмекті жабыңыз.
2. Су құятын түтікшені бұрап ағытып
алыңыз.
3. Түтікшедегі сүзгіні қатты қылдан
жасалған шөткемен тазалаңыз.
4. Түтікшені шүмекке бұрап бекітіп
қойыңыз.
5. Түтікшені машинадан ағытып
алыңыз. Су ағып кетуі мүмкін, еден
сүрткіш дайын тұрсын.
6. Клапандағы сүзгіні қатты шөткемен
немесе шүберектің қиқымымен
тазалаңыз.
7. Түтікшені машинаға қайта бұраңыз
да, берік жалғанғанын тексеріңіз.
8. Су құятын шүмекті ашыңыз.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА СУДЫ ТӨГУ
Егер құрылғы суы төгілмесе,
машинадағы суды ағызу үшін төмендегі
əрекеттерді орындаңыз:
1. ашаны розеткадан суырыңыз;
2. судың шүмегін жабыңыз;
3. қажет болса, су суығанша күтіңіз;
4. сорғының есігін ашыңыз;
5. сауытты су төгетін сорғы ұясының
алдыңғы жағына, еденнің
үстіне
қойыңыз;
6. суды ағызу үшін екі тетікті басып, су
төгетін түтікшені өзіңізге қарай
тартыңыз;
7. сауытқа су толған кезде, су төгетін
түтікшені орнына қайта қойып,
сауытты босатыңыз;
бұл əрекетті су ақпай қалғанша
қайталаңыз;
8. егер қажет болса, сорғыны
тазалаңыз ("Cу сорғы" тарауын
қараңыз);
9. су төгетін сорғының есігін жабыңыз.
Суды төтенше жағдайда төгетін
тəсілмен төккеннен кейін
, су төгетін
жүйені қайта іске қосу керек:
1. Жуғыш зат үлестіргіштің негізгі жуу
циклына арналған бөлігіне 2 литр су
құйыңыз.
2. Суды төге бастау үшін
бағдарламаны бастаңыз.
МҰЗ ҚАТУҒА ҚАРСЫ САҚТЫҚ
ШАРАЛАРЫ
Құрылғы температурасы 0°C градустан
төмен түсуі ықтимал жерге орнатылса,
су құятын, төгетін түтіктерде жəне су
төгетін сорғыда қалған суды төгіңіз.
1. ашаны розеткадан ағытыңыз.
2. судың
шүмегін жабыңыз
3. су құятын түтікті шүмектен
ағытыңыз;
4. су құятын түтіктің екі ұшын ыдысқа
салып, түтіктегі суды ағызыңыз.
5. су төгетін сорғыны "Төтенше
жағдайда суды төгу" тарауынан
қараңыз.
6. су төгетін сорғы босаған кезде, су
құятын түтікті қайта орнына
қойыңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны қайта іске қолданар
алдында температураның 0 °C
градустан жоғары екеніне көз жеткізіңіз.
Төмен температураға байланысты орын
алған ақауларға өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
56 electrolux
Page view 55
1 2 ... 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 ... 67 68

Comments to this Manuals

No comments