Electrolux EWW167580W User Manual Page 34

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 68
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 33
заттардың пайдаланылатын мөлшерін
анықтау үшін өндіруші нұсқаулығын
қараңыз.
Шұлық, бау, жууға келетін белбеу т.б
ұсақ заттарды зат жууға арналған
дорбаға не жастық тысына салып
жуыңыз, себебі мұндай заттар
машинаның сыртқы және ішкі
барабандарының арасына түсіп кетуі
мүмкін.
Кір жуғыш машинаңызды қыл
өткізілген киім-кешек, жиегі
көмкерілмеген не материалы жыртық
заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз.
Пайдаланып, тазалап не машинаға
күтім көрсетіп болған соң оны әрқашан
электр желісінен ағытып, суды
тоқтатып қойыңыз.
Машинаны ешбір жағдайда өзіңіз
жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу
жұмыстары адамды жарақаттап не
машинаны елеулі ақаулыққа
ұшыратуы мүмкін. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Әрқашан тек фирмалық бөлшектерді
ғана пайдалануды талап етіңіз.
Орнату
Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
Құрылғы орауышын ашқанда, оның еш
жеріне нұқсан келмегенін тексеріп
алыңыз. Егер күмәндансаңыз, оны
пайдаланбай тұрып қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Пайдаланбас бұрын барлық
орауыштары мен тасымалдау үшін
қолданылған құралдарын алуыңыз
қажет. Бұл шара орындалмаған
жағдайда өнім мен басқа да
меншігіңізге елеулі нұқсан келеді. Осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы тиісті
тарауды қараңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң оның
су құятын және кір суды ағызатын
түтігінің басылып қалмағанын, қорек
сымының жұмыс алаңы мен қабырға
арасында қыстырылып қалмағанын
тексеріп алыңыз.
Егер машина кілем төселген еденге
қойылса, ауа машинаның астыңғы
жағында еркін айналу үшін оның
сирақтарын бұрап лайықтап қойыңыз.
Машинаны орнатқаннан кейін оның
түтіктері мен оларды жалғастырған
жерлерден еш су ақпай тұрғандығын
әрқашан тексеріп отырыңыз.
Егер құрылғы мұздап қалатын жерге
орналастырылса, "мұздап қалудың
салдары" тарауын оқыңыз.
Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс таза және кір су
құбырларына байланысты
жұмыстардың барлығын кәсіпқой
сантехник не білікті адам орындауға
тиіс.
Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс электр
саласына қатысты жұмыстардың
барлығын кәсіпқой электрші не білікті
адам орындауға тиіс.
Растау үшін
Құрылғы тұрмыстағы стандартты кір-
қоңды жуу, кептіру мен бумен күтім
көрсету үшін жасақталған. Құрылғыны
басқа мақсатта пайдалануға
болмайды.
Тек ғана машинада жууға не кептіруге
болатын матадан жасалған заттарды
ғана жуып, кептіріңіз. Әр киімнің
затбелгісіндегі нұсқауларды
орындаңыз.
Құрылғыға шамадан тыс жүк
салмаңыз. Жуу бағдарламалары
кестесіне қараңыз.
Кір жууды бастамас бұрын барлық
қалталардың бос екендігін тексеріп,
түймелер мен тартпалардың салынып
тұрғандығын тексеріңіз. Тозығы
жеткен не жыртық заттарды жумаңыз,
сыр, сия, тот, шөп нілінен қалған
дақтарды алдын ала кетіріңіз. Сым
өткізілген төс тартқыштарды
машинада жууға БОЛМАЙДЫ.
Буланғыш мұнай өнімдеріне тиген
киім-кешектерді кір жуғыш машинада
жууға болмайды. Буланатын
тазартқыш сұйықтар пайдаланылса,
киімді машинаға салмай тұрып
тазартқыш сұйықты кетіріп алу қажет.
Кейбір жүн көрпелер көлемінің
үлкендігіне байланысты үлкен кәсіби
машиналарды жуылып, кептірілуі
керек болғандықтан, үй машинасында
жумастан бұрын, элемент
өндірушісімен тексеріңіз.
34 electrolux
Page view 33
1 2 ... 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 ... 67 68

Comments to this Manuals

No comments