Electrolux EWW1686HDW User Manual Page 21

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 84
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 20
Жуу бағдарламасын кірді әрқашан
неғұрлым көп салғаннан кейін бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде, қажет болса
дақ кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде қолдану
үшін, жергілікті су жүйесіндегі судың
кермектігін тексеріңіз
12.5 Судың кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада су
жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз. Суы
тұщы жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу үшін
су жүйесін басқару мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
12.6 Кептіруге қатысты ақыл-кеңес
Кептіру циклын дайындаңыз
Су құятын шүмекті ашыңыз.
Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанын
тексеріңіз. Қосымша ақпаратты Орнату
тарауынан қараңыз.
Кептіру бағдарламаларымен кептіруге
болатын кірдің ең үлкен салмағын, кептіру
бағдарламалары кестесінен қараңыз.
Мына кірлер үшін кептіру бағдарламаларын
орнатпаңыз:
Өте нәзік заттар үшін.
Синтетика перделер.
Жүн және жібек матадан жасалған заттар.
Темір заттар тағылған киімдер.
Нейлон шұлықтар.
Көрпелер.
Төсек жапқыштар.
–Сырма көрпе.
Анорак.
Саяхатқа арналған қап төсектер
Шаш спрейі, тырнақ бояуын тазалағыш
немесе сол сияқты заттың қалдығы бар
маталар.
Көбікті резеңке немесе сол сияқты бөліктері
бар киімдер.
12.7 Киімнің затбелгілері
Кірді кептірген кезде өндірушінің затбелгіде
көрсеткен нұсқауларын орындаңыз:
= Кептіргіш машинада кептіруге болады
= Жоғары температурада кептіру циклы
= Азайтылған температурада кептіру
циклы
= Кептіргіш машинада кептіруге
болмайды.
12.8 Кептіру циклының уақыты
Кептіру уақыты мына жағдайларға
байланысты өзгереді:
соңғы айналдыру циклының жылдамдығы
құрғақтық деңгейі
•кірдің түрі
кір салынымының салмағы
ЖАЛПЫЛАМА ҰСЫНЫСТАР
Орташакептіру уақыттарын "Кептіру
бағдарламалары" кестесінен қараңыз.
Кірді барынша дұрыс кептіруге тәжірибе
көмектеседі. Бұрынғы кептіру циклдарының
уақыттарын жазып алыңыз.
Кептіру циклының соңында статикалық тоқ
болмас үшін:
Жуу циклы кезінде мата жақсартқышты
пайдаланыңыз.
Кір кептіргіш машиналарға арналған
арнайы мата жақсартқыштарды
пайдаланыңыз.
Кептіру бағдарламасы аяқталған кезде кірді
жылдам алыңыз.
12.9 Қосымша кептіру
Кептіру бағдарламасы аяқталғаннан кейін кір
әлі де дымқыл болса, қысқа кептіру циклын
қайта орнатыңыз.
Назарыңызда болсын!
Матаның қыжымданып немесе
киімнің отырып қалуына жол бермеу
үшін, кірді өте қатты кептірмеңіз.
ҚАЗАҚ 21
Page view 20
1 2 ... 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 ... 83 84

Comments to this Manuals

No comments