Electrolux EWW51676SWD User Manual Page 24

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 23
Кептіру циклының соңғы
минуттарында құрылғы салқындату
және мыжылудан сақтау циклын
орындайды. Есік әлі құлыптаулы.
Есік бекітулі белгісі бейнебеттен
көрінбей кеткенде, есікті аша беруге
болады.
1. Құрылғыны сөндіру үшін
түймешігін бірнеше секунд
басыңыз.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін
бірнеше минут өткен соң, қуат үнемдеу
функциясы құрылғыны автоматты
түрде сөндіреді.
2. Құрылғыдан кірді алыңыз.
Барабанның бос екеніне көз жеткізіңіз.
3. Зең және иіс пайда болмас үшін
есікті сәл ашып қойыңыз.
4. Судың шүмегін жабыңыз.
12. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ЖУУ ЖӘНЕ КЕПТІРУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Бұл автоматты жуғыш
және кептіргіш машина.
12.1 Нон-Стоп бағдарламасы
1. Құрылғыны қосу үшін ВКЛ/ВЫКЛ
түймешігін бірнеше секунд
басыңыз.
2. Кірді бір-бірден салыңыз.
Жақсы кептіру
нәтижелеріне жету үшін
пайдаланушы
нұсқаулығында ұсынылған,
кірдің ең көп кептірілетін
мөлшерінен асыруға
болмайды. Орнатылған
бағдарламаның автоматты
жылдамдығынан аз
айналдыру жылдамдығын
орнатуға болмайды.
3. Жуғыш зат пен үстемелерді тиісті
бөліктерге салыңыз.
4. Бағдарлама тетігін жуу
бағдарламасына бұраңыз.
Бейнебетте әр түрлі жуу циклдарының
индикаторлары көрсетіледі.
5. Қолжетімді функцияларды
орнатыңыз.
12.2 Жуу және автоматты
түрде кептіру
1. Бейнебетте құрғақтық
деңгейлерінің біреуінің индикаторы
көрсетілгенше түймешігін қайта-
қайта басыңыз:
: Мақта мата заттарды
ҮТІКТЕУГЕ болатын құрғақтық
деңгейі
: Мақта мата, синтетика, жүн
және жібек маталарға арналған
ШКАФҚА салуға болатын
құрғақтық деңгейі
: Мақта мата заттарды ӨТЕ
ҚҰРҒАҚ етіп кептіретін
құрғақтық деңгейі
Бейнебетте индикаторы пайда
болады. Бейнебетте көрсетілген уақыт
мәні, кір салынымының әдепкі
салмағының негізінде есептелген жуу
циклының + кептіру циклдарының
ұзақтығынан тұрады.
Кірді жақсы кептіру үшін
құрылғы жуылатын және
кептірілетін заттар үшін
өте төмен жылдамдық
мәнін орнатуға жол
бермейді.
2. Бағдарламаны бастау үшін
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте орнатылған құрғақтық
деңгейі көрсетіліп тұрады.
Есік бекітулі индикаторы жанады.
Бейнебетте жиі-жиі жаңа уақыт мәні
көрсетіліп тұрады.
Кептіру циклының соңғы
минуттарында құрылғы
мыжылудан сақтау және
салқындату циклдарын
орындайды.
www.electrolux.com24
Page view 23
1 2 ... 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments