Electrolux EDC46130W User Manual Page 16

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 15
Микросүзгі мен мамық жинағышты
əрбір кептіру циклі аяқталған сайын
тазалап отырыңыз;
Кірді кептірмес бұрын жақсылап
айналдырып жуыңыз.
Қуаттың тұтынылатын мөлшері кір
жуғыш машинаға орнатылған
айналдыру жылдамдығына
байланысты. Айналдыру
жылдамдығы жоғары болса -
қуаттың тұтынылатын мөлшері аз
болады.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ
АҚПАРАТ
Орам материалдарының қоршаған
ортаға зияны жоқ жəне оларды қайта
өңдеуден өткізуге болады. Пластик
элементтер мысалы, >PE, PS<, т.б.
таңбаламасымен белгіленген. Орам
материалдарын тұрмыстық
қалдықтарды тастайтын тиесілі қалдық
контейнерлеріне тастаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
бұдан былай қолданылмаса:
Ашаны розеткадан алыңыз.
Сымы мен ашасын кесіп алып
тастаңыз.
Есіктің бекітпесін тастау. Бұл
балалар құрылғының ішіне кіріп
қамалып қалып, өмірлеріне қатер
төндірмес үшін қажет.
ОРНАТУ
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ОРНАЛАСТЫРУ
Өзіңізге ыңғайлы болу үшін кептіргіш
машинаны кір жуғыш машина қасына
жақын орналастыруды ұсынамыз.
Кептіргіш машинаны таза, қоқыс
жиналып қалмайтын жерге орнату
қажет.
Ауа құрылғы айналасында еркін
айналып тұратындай болу керек.
Алдыңғы желдеткіш тор не
машинаның артындағы ауа сорғыш
торларды қалқалап тастамаңыз.
Кептіргіш машина жұмыс жасап
тұрған кезде діріл мен шуылды
азайту үшін
оны нық əрі біртегіс жерге
орнату керек.
Машинаны өзінің тұрақты жұмыс
жасайтын орнына қойған соң оның
əбден дұрыс тіктеліп
орнатылғандығын ватерпас
құралымен тексеріп көріңіз. Егер
дұрыс орнатылмаса оның деңгейі
дұрысталғанша сирақтарын
ұзартыңыз не қысқартыңыз.
Сирақтарды ешқашан алуға
болмайды. Еденнің тегістігін
былқылдақ кілем, ағаш тақтай не сол
сияқты затты қойып шектемеңіз. Бұл
құрылғы жұмысына кедергі болатын
қызудың
жиналуына себеп болуы
мүмкін.
Өте маңызды!
Кептіргіш барабаннан шығатын ыстық
ауа 60°C температураға дейін жетеді.
Сондықтан да құрылғыны жоғарғы
температураға төтеп бере алмайтын
еден үстіне қоюға болмайды.
Кептіргіш машинаны іске қосқанда
бөлме температурасы +5°C градустан
аз жəне +35°C градустан жоғары
болмауға тиіс, себебі бұл құрылғы
жұмысына əсер етуі ықтимал.
Құрылғыны жылжыту қажет болса,
оны тек тік
қалыпта ғана тасымалдау
қажет.
Кептіргіш машинаны дұрыс ашуға
бөгет жасайтындықтан оны
құлыпталып жабылатын есіктің арт
жағына, сырғытпа есіктің, құрылғыға
қарама-қарсы жақтан ашылатын
есіктің артына орнатуға болмайды.
Құрылғының жан-жағынан кем дегенде
5 см бос орын қалдырыңыз.
ҚАУІПСІЗ ТАСЫМАЛДАУҒА
АРНАЛҒАН ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫН
АЛУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Пайдаланбас бұрын тасымалдауға
арналған орам материалдарының
барлығын алып тастаңыз.
16 electrolux
Page view 15
1 2 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments