
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе
ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетіне зақым келуі
мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий
жұқалтыр қоймаңыз.
• Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан
келген ыдыстар, шыны / шыны
керамика бетке сызат түсіреді.
Бұндай заттарды құрылғының
бетінде үнемі көтеріп жылжыту
керек.
• Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың
диаметрлерінен үлкен орнықты
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
• Ыдыстардың оттықтың ортасында
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған
кезде, жалынның өшіп
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
• Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
• Газбен пісіретін құрылғыны
пайдаланған кезде қызу және ылғал
бөлінеді. Құрылғы орнатылған
бөлменің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланған
кезде қосымша желдету қажет
болуы, мысалы, терезені ашу
немесе барынша тиімді желдету
тәсілін пайдалану қажет болуы
мүмкін, егер механикалық тартқыш
бар болса, оның қарқынын
арттыруға болады.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
• Сірке суы, лимон шырыны немесе
әк дағын кетіретін құралдар тәрізді
қышқыл заттарды пештің үстіне
тигізбеңіз. Бұл заттар ақтаңдақ із
қалады.
• Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына
сәйкес қарастырылатын ақаулық
емес.
2.5 Күту менен тазалау
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
• Қызмет көрсету алдында
құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Оттықтарды ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз.
2.6 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті
әкімшілік мекемеге хабарласып
алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
• Сыртқы газ түтіктерін
майыстырыңыз.
ҚАЗАҚ 7
Comments to this Manuals